Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Мемлекеттік қызметшілер үшін дәріс өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Бағлан Кыдырбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚ кәсіпорнының  Жамбыл облыстық филиалында  мемлекеттік қызметшілер үшін  АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің АИТВ/ЖИТС мәселесіне қатысты білім деңгейін арттыру және қоғамда бұл туралы дұрыс ақпарат беру.

Аталған шараға Жамбыл облысы бойынша басшылық лауазымдағы мемлекеттік қызметшілер, яғни аудан әкімдерінің орынбасарлары, бөлім басшылары және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты. Бағлан Джарлықасынұлы өз сөзінде АИТВ/ЖИТС алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Бұл инфекцияның таралуын болдырмау үшін әр азаматтың жауапкершілігін арттыру қажеттігін айтты.

«АИТВ/ЖИТС тек медициналық мәселе ғана емес, бұл — әлеуметтік мәселе. Осы себепті әрбір мемлекеттік қызметші АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпаратты білуі керек. Сонымен қатар, барлық сала өкілдері орталықпен бірлесе жұмыс атқарса, яғни қызметкерлер арасында іс-шара өткізуімізге қолдау білдірсе», – деген ойын жеткізді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге АИТВ/ЖИТС мәселесіне қатысты мемлекеттік бағдарламалар, заңдар мен бастамалар таныстырылды. Бағлан Джарлықасынұлы мұндай шаралардың қоғам арасындағы түсіністік пен ақпараттандыруды арттыру үшін өте маңызды екенін айтты.

Шара барысында қатысушылар  сұрақтар қойып, АИТВ/ЖИТС-тің таралуы, алдын алу шаралары туралы жан-жақты жауаптар алды. Қатысушыларға ЖИТС орталығының қызметтері, алдын алу жұмыстары мен АИТВ/ЖИТС мәселесіне қатысты қорқыныш пен стигманы жеңу жолдары түсіндірілді.

Қорыта айтқанда бұл  іс-шара мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша қоғамда тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған маңызды қадам болды.

АИТВ/ЖИТС -тің алдын алу бойынша семнинар өтті

🔹25 ақпан күні «Оптимед көз хирургиясы орталығы» ЖШС базасында «Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық актілер. АИТВ инфекциясының диагностикасы, алдын алу және емі. АИТВ-инфекциясы және аралас аурулар. Стигма және кемсітушілік.» тақырыптары бойынша семинар өткізілді.
🔹Аталған семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөліміннің эпидемиолог дәрігері Г.Ахметова және емдеу алдын алу көмек бөлімінің дәрігері Г.Байдаулетова жүргізді. Олар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға АИТВ инфекциясының таралуына қарсы күрестің маңыздылығын түсіндірді.
🔹Семинарда АИТВ-инфекциясына міндетті медициналық тексеруден өту ережелері, АИТВ/ЖИТС тестілеуді қажет ететін топтар мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, АИТВ-инфекциясының диагностикасы, емі мен алдын алу, аралас аурулар және стигма мен кемсітушілік мәселелері қаралды. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін қандай алдын алу шараларды қолдану керектігі, сондай-ақ, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін медициналық көмек жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, стигма мен дискриминация мәселесі де күн тәртібінде болды.
✅Семинардың соңында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан нақты жауаптар алды.

 

Тараз-Ғасыр колледжінің студенттеріне АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті

🔹Бұл іс-шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясының таралуын алдын алу, дұрыс ақпарат беру және зиянды әдеттер мен қауіптерден сақтануға шақыру.
🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева студенттерге АИТВ жұқпасының жолдары, оның белгілері мен инфекцияның алдын алу тәсілдері туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, жастарға қауіпсіз өмір салтын ұстану, сақтану құралдарын қолдану және АИТВ туралы дұрыс түсінік қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

✅ Дәрісте АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен олардың қоғамда толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау қажеттілігі туралы да сөз қозғалды.

АИТВ/ЖИТС және ерте жүктілік туралы дәріс өтті

🔰ЖИТС орталығының мамандары, психолог М.Бегманова, №5 қалалық емхананың “Жастар денсаулық орталығы” гинеколог дәрігері А.Рустембекова студент қыздарға дәріс өткізді.
🔹Кездесу барысында “АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу” және “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыптары бойынша дәрігерлер мен психологтар жасөспірімдермен ашық пікір алмасты.
🔹Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірім қыздарға психологиялық кеңес беру, сондай-ақ оларды маңызды мәселелер бойынша ақпараттандыру болды.
ЖИТС орталығының маманы М.Бегманова жасөспірімдерге АИТВ инфекциялардың алдын алу, қауіпсіз жыныстық қатынас, денсаулықты қорғау бойынша өз кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша гинеколог А.Рустембекова жас қыздардың ағзасының ерекшеліктерін түсіндіріп, денсаулығын сақтаудың және болашақта ауыр салдардан сақтанудың жолдарын айтты.
Дәріс барысында қыздар өздерін толғандыратын мәселелермен бөлісіп, мамандардан кеңес алды.

№23 орта мектебінде АИТВ туралы тәрбиелік дәріс өтті

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г.Шамурзаева Тараз қаласының білім бөлімінің №23 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы маңызды дәріс берді.
🔹Дәрістің негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларына АИТВ мәселесі жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың білім деңгейін арттыру және АИТВ инфекциясының таралуына қарсы дұрыс түсінік қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушыларға АИТВ инфекциясынан қорғану жолдары, оның берілу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндірілді.
Сондай-ақ оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратылды.
✅Бұл іс-шара жастар арасында өз денсаулықтарына деген жауапкершілікті арттыру және АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында маңызды қадам болып табылады.

АРНАЙЫ ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының Клинико-диагностикалық зертханасының меңгерушісі, тәжірибелі маман В.Каримова орталық қызметкерлеріне «АИТВ инфекциясына жедел тест қолдану арқылы тестілеу» және «Құрғақ капиллярлық қан тамшысын алу, сақтау және жеткізу» тақырыбы бойынша арнайы оқыту жұмыстарын жүргізді.
🔹Оқыту барысында Венера Мейрхановна әріптестеріне жедел тестілеудің маңызды тұстарын атап өтті, соның ішінде тесті дұрыс алу тәртібі, сынамалармен жұмыс істеу ережелері мен лабораториялық құрал-жабдықтарды қолдану жөніндегі маңызды кеңестер берді. Сонымен қатар, диагностикалық қателіктердің алдын алу және дұрыс нәтижелерге жету үшін қандай шаралар қолданылуы керектігі жөнінде түсіндірілді.
✅Бұл оқыту шарасы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, облыстағы АИТВ жұқпасының алдын алу және ерте диагностикалауға бағытталған жұмысты жетілдіруге мүмкіндік береді.

Спортшылармен дөңгелек үстел өтті

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы М. Бегманова мен мейірбике А. Оракова Жекпе-жек спорт клубында және облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹Әртүрлі спортшылар қатысқан дөңгелек үстел барысында АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары мен сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді. Кездесу соңында қатысушылар өз еріктерімен жедел тест тапсырып, өздерінің АИТВ мәртебесін анықтады.
✅Бұл шаралар жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандыруды арттыру және алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдау

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Бағлан Кыдырбаев және «Volontergroup08» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустам Ташметов «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Бастаубаева Жанат Абдуалиқызының қабылдауында болды.
🔹Кездесу барысында ЖИТС орталығының бас дәрігері Бағлан Джарлықасынұлы «Халықтың негізгі топтары мен АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды алдын-алу бағдарламаларымен қамту мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражатын бөлу» мәселесі туралы айтты. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының алдын алу және осы мәселеге байланысты қоғамдық жауапкершілікті арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы да сөз қозғады.
✅Жанат Абдуалиқызы айтылған ұсыныстарды тыңдап, оларды тиісті мемлекеттік органдарға айтатынын жеткізді. Ол сондай-ақ, өңірдегі әлеуметтік мәселелерді шешу үшін мемлекеттік мекемелердің қоғамдық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

№31 орта мектебінде дәріс өтті

🔰Тараз қаласының білім бөлімінің №31 орта мектебінде облыстық ЖИТС орталығының психологы Г. Шамурзаева оқушылармен АИТВ инфекциясының алдын алу туралы маңызды дәріс өткізді. Бұл шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпарат беру және олардың осы инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білімін арттыру болды.
🔹Дәріс барысында Г. Шамурзаева АИТВ/ЖИТС туралы негізгі ақпараттарды ұсынып, инфекцияның таралу жолдарын жан-жақты түсіндірді. Оқушыларға АИТВ-ның адам ағзасына қалай әсер ететіндігі және оны жұқтырудың мүмкін жолдары, сондай-ақ инфекцияның алдын алу тәсілдері туралы мәлімет берілді.
🔹Дәріс барысында бейнемазмұн көрсетіліп, арнайы дайындалған ақпараттық бүктемелер таратылды. Сонымен қатар, Г. Шамурзаева дәрісте «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбына да тоқталып, әрбір адамға құрметпен қараудың және адамгершілік құндылықтарды сақтау қажеттілігін атап өтті.

Негізгі топ өкілдеріне арналған тренинг өтті

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу орталығының мәжіліс залында негізгі топ өкілдеріне арналған тренинг өтті. Іс-шара қауіпсіз жыныстық қатынас және АИТВ-ің байланысқа дейінгі алдын алудың (PrEP) тақырыптарына арналды. Қатысушылар заманауи алдын алу шаралары, соның ішінде PrEP қабылдау схемалары, тұрақты тестілеудің маңызы және АИТВ-пен өмір сүретін адамдар мен негізгі топтарға қатысты стигманы азайту жолдары туралы талқылады.
🔹Тренинг интерактивті форматта өтті, бұл қатысушыларға тек маңызды ақпарат алуға ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасуға, топтық ойындарға қатысуға және медицина мамандарына көкейкесті сұрақтар қоюға мүмкіндік берді. ЖИТС орталығының дәрігерлері PrEP-тің қалай жұмыс істейтінін жан-жақты түсіндіріп, барлық сұрақтарға жауап берді.
🔹Тренингті community health ambassador Рахимов Зарфижон және дерматолог-дәрігер Стратула Евгения Ивановна өткізді. Іс-шара нәтижесінде қатысушылар сенімді ақпарат алып, жаңа таныстықтар орнатып, өз денсаулығына саналы түрде қараудың маңыздылығын түсінді.