Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Туберкулез және АИТВ-ның  алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

 

 

Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағдарламасы аясында «Тәуекел тобындағы көптеген және кең ауқымды дәріге төзімді туберкулезбен және АИТВ инфекциясы бар науқастарды анықтау және емдеуге міндеттеме, алдын алудағы инновациялық тәсілдері» бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы әкімдігінің және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Жамбыл ОФО және облыстық ЖИТС орталығының басшылары, үкіметтік емес ұйымдарының басшылары қатысты.

Модератор: Р.О.Перзадаев – «Тараз-АИТВ-ға қарсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жоба үйлестірушісі.

Дөңгелек үстел барысында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Т.Мусабаев  кіріспесөз сөйледі. Ол Жамбыл облысының Денсаулық сақтау саласын дамыту перспективалары туралы, халықтың аурушаңдығын төмендету және Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлуді жоспарлау бойынша айтты.

Отырысқа қатысушылар АИТВ және ТБ компоненті бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ҮЕҰ-ны тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелерді, жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл аспектілерін және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Дөңгелек үстел соңында Жамбыл облысының ҮЕҰ үшін туберкулез бағдарламасы бойынша «Тәуекел тобындағы көптеген және кең ауқымды дәріге төзімді туберкулезбен және АИТВ инфекциясы бар науқастарды анықтау және емдеуге міндеттеме, алдын алудағы инновациялық тәсілдері» талқыланды.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде дәріс өтті

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Жамбыл жоғары медициналық колледж студенттеріне облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова АИТВ-нің алдын алу, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу және денсаулықты сақтау маңыздылығы туралы  дәріс өткізді.

Студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойып, викторинаға қатысты. Олар мұндай шаралардың жастардың хабардарлығын арттырып, денсаулыққа саналы көзқарас қалыптастыруға және АИТВ-ға қатысты мифтерді жоюға ықпал ететіндігін жеткізді.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу!» тақырыбында іс-шара өтті

 

Мақсаты: студенттердің АИТВ/ЖИТС мәселесі туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білім беру, денсаулыққа саналы және жауапты көзқарасты тәрбиелеу.

Іс-шара барысында студенттер  АИТВ туралы жастарға ой саларлық қойылым көрсетіп, монолог оқыды. Ал, ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова студенттерге аурумен күресудің қазіргі заманғы әдістері мен ерте диагностика жүргізудің маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауап алды.

№9 орта мектебінде дәріс өтті

 

Тараз қаласының білім бөлімінің №9 орта мектебінің акт залында облыстық ЖИТС орталығының маманы Г.Салпыкова «АИТВ- инфекциясының алдын алу» тақырыбында жоғарғы сыныптың қыздарымен кездесіп, дәріс өткізді.

Кездесуде Гулжан Жетпісбаевна АИТВ – инфекциясының берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды.

«Феникс-Сириус» үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен дәріс өтті

Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-сарапшысы Тайчибеков Темірлан Арыстанбекұлы «Феникс-Сириус» үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен АИТВ – инфекциясынан  қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды.

№32 орта мектепте АИТВ туралы тәрбиелік дәріс өтті

 

 

Іс-шара жоспары бойынша облыстық ЖИТС орталығының мамандары Г.Ж.Салпыкова, Э.О.Ташкараева Тараз қаласының білім бөлімінің №32  орта мектеп  оқушыларымен «АИТВ- инфекциясының алдын алу» атты  тақырыпта дәріс өткізді.

Дәріс өткізудің мақсаты – жоғары клас оқушыларының АИТВ мәселесі бойынша ақпараттану және білім деңгейін арттыру. Іс-шара барысында АИТВ – берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» толық ақпарат беріліп, бүктемелер таратылды.

Жалпы іс-шараға 60  оқушы қатысты.

Тараз қаласы М.Әуезов атындағы кітапханасында “XXI ғасыр індетімен күрес” атты мамандар кеңесі өтті

 

Кеңесті ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова  қатерлі дерттен сақтану жолы жайлы түсіндірме айтып, ақпараттық-насихаттық жұмыстарымен таныстырды. Кітапхана оқырмандары мен оқушыларға АИТВ – берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, ақпараттық кітапшалар таратты.