Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Қауымдастықтың маңызы бар

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес кампаниясы аясында «Байқаңыз ЖИТС» тақырыбында Тараз қ. №40-шы гимназиясында 2019жылдың 10-шы желтоқсанында сынып сағаты өткізілді. Гимназия психологі Минченко Дарья әрбір адамның жынысына, жасына, ұлтына қарамастан АИТВ-ны жұқтыруы мүмкін екендігін айтты. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы Жакенова Рахима Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес кампаниясының мақсатына және қауымдастықтың АИТВ-ның алдын алу мен таралуына әсері туралы ақпараттар берді.  АИТВ-ға тестілеудің түрлері туралы және АИТВ-ға байланысты таңбалау тек жеке адамның өміріне ғана емес, жалпы қоғамның дамуына да теріс әсер тигізетіні жайлы айтылды. Сонымен қатар 10-11 сынып оқушылары АИТВ-ның жұғу жолдарына байланысты шағын қойылым көрсетіп, өлеңдерін оқыды.Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар қайтарылып, кездесудің соңында кітапшалар мен плакаттар таратылды.

Тараз арнайы орта білім беретін колледж студенттеріне арналған экскурсия

2019 жылдың 5-ші желтоқсанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында колледж студенттеріне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның мақсаты жасөспірімдерді ЖИТС орталығының тарихымен және қызметімен таныстыру болып табылады. Білімгерлерді орталықтың барлық бөлімдерімен алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Жібек Аушенова таныстырып өткеннен кейін, достық кабинетіне тоқталды. Достық кабинетінің ақысыз негізде көрсететін қызметтері туралы Евгения Стратула толық мағлұмат берді. Достық кабинетінің басты мақсаты тұрғындардың қатерлі топтары арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың және АИТВ-ның таралу қарқынын төмендету болып табылады. Студенттер арасында өз еркімен АИТВ-ға жедел тестен өткендер де болды.

Болашақта біздің денсаулығымыз сіздердің қолдарыңызда!

Ағымдағы жылдың 3-ші желтоқсанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында медициналық колледж студенттері үшін экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студенттер орталықтың барлық бөлімдерінің қызметімен таныстырылды. 1989 жылы ашылған орталықта бүгінгі таңда 121 қызметкер өз істерін ойдағыдай атқаруда. Білімгерлерге АИТВ жұқпасы қауіпті, созылмалы және емделмейтін ауру екендігі туралы, аурудың жұғу жолдары мен оның алдын алу шаралары жайында айтылды. Алдын алған адаспайды демекші, АИТВ-ның таралу жолдарын білу – АИТВ берілуінің алдын алу тәсілдерін білу деген сөз. Жасөспірімдер алған ақпараттар оларды жаңа дағдылар қалыптастыруға немесе бұрынғы мінез-құлқын өзгертуге жетелеуі мүмкін, бұл олардың өмірлік дағдыларын дамытуға жағдай жасайды. Мамандардан алынған ақпарат жастардың бойында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға гуманисті қарым-қатынасын, оларға адамгершілікпен қарап, көмектесу мен қолдауға ниет білдіруін тәрбиелеуге арналған. Сонымен қатар білімгерлерге «Өз мәртебеңді біл» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Полиция департаментінде ЖИТС қарсы күрестің дүниежүзілік науқаны туралы

2019 жылдың 29 қарашасында емхана госпиталінде Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқанына арналған дәріс өткізілді. ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу облыстық орталығының эпидемиолог дәрігері Когай Виктор қызыл лентаның тарихы, Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС алдын алудағы қоғамдастықтың рөлі туралы айтып берді.

 

«ЖИТС. Қорқудың қажеті жоқ, білу керек!» тақырыбына өткен ашық іс-шара

2019 жылы 27 қарашада Жамбыл медициналық колледжінде «ЖИТС. Қорқудың қажеті жоқ, білу керек!» атты ашық іс-шара өтті. Аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты жастар арасында АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу, студенттердің өз мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілігін және мәселенің маңыздылығын түсіну, салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ жұқтырғандарға қатысты төзімділікті тәрбиелеу болып табылады. Іс-шара барысында өткізіліп, көрсетілді:

– «ЖИТС-ХХІ ғасыр індеті» баяндамасы;
– «Қорқыныш» бейнеролигі»;
– ЖИТС туралы өлеңдер;
– «Тәуекел шкаласы» тренингі;
– Салауатты өмір салты туралы өлеңдер;
– «ЖИТС Тоқта!» флешмобы;
– «Спорт, спорт» хоры.

Жамбыл облыстық ЖИТС  алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының педагогы Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС-тың берілу жолдары, алдын алу шаралары, эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Іс-шара соңында студенттерге олардың болашағы өз қолында екені ескерілді.

 

 

 

№ 59 орта мектеп оқушыларымен кездесу

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары педагог Рахима Жакенова мен дәрігер эпидемиолог Индира Досымова № 59 орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

Оқушыларға АИТВ дегеніміз не, инфекцияның берілу жолдары, стигма және кемсітушілік туралы айтылды. Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға тұрмыста, қол алысқанда, сүйгенде, ортақ бассейнді, душты, дәретхананы пайдаланғанда, қоғамдық көлікте, жөтелгенде және түшкіргенде, тамақ өнімдері арқылы АИТВ жұқтырмайтынын түсіндірді. Іс-шараға 200 адам қатысты.

Қалалық перинаталдық орталықта өткен семинар

2019 жылдың 29 қарашасында Қалалық перинаталдық орталықта Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Г. А. Калметова, дәрігер эпидемиолог Г. Т. Ахметова, емдеу—алдын алу бөлімінің дәрігер-инфекционисті Г. К. Темірбекова перинаталдық орталықтың медициналық қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Семинар мақсаты -Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейімен таныстыру, АИТВ-инфекциясының жаңа нормативтік-құқықтық базасымен, ҚР ДСМ және ӘД №508 бұйрығымен және АББЖА таныстыру.
Семинар барысында АИТВ-жұқпасына эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Г. А. Қалметова ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат берді.
Эпидемиолог дәрігер Г. Т. Ахметова №4 есеп беру нысаны бойынша ҚПО-та 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылдың 10 айындағы АИТВ-инфекциясын тестілеу нәтижелерімен, АИТВ-инфекциясы және ЖИТС туралы негізгі нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды. АИТВ, СВГ, ВВГ жұқтыру қаупімен байланысты апаттық жағдайлардың үлгілері, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жұқтыру қаупін бағалау қарастырылды.
Дәрігер инфекционист Темірбекова Г.К. АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын-алуға және ҚР ДС және ӘД министрлігінің 2015 жылғы 23 маусымның №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша АИТВ тексеру үшін міндетті құпия медициналық сараптама ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес пациенттерді тексеру мәселелеріне ерекше назар аударды.

 

«Астана» колледжінің студенттерімен дөңгелек үстел

2019 жылдың 28 қарашасында Тараз қаласындағы «Астана» колледжінің студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасында 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында науғанға орайластырылған іс-шаралар өткізілуде. Дөңгелек үстел «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұранымен өтті. Дөңгелек үстелді Облыстық ЖИТС орталығының әлеуметтанушысы М.С. Бегманова, психолог А.А. Әбдіқалықова және Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігері Д.М. Оспанова жүргізді. Колледж студенттеріне АИТВ-ның берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді, мамандар жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға (ЖЖБИ) тестілеуден және тексеруден өту туралы айтып берді, студенттерді қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес берілді. Дөңгелек үстел соңында студенттер мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. А. Сейілбекова өз алғыстарын білдірді.

 

Облыстық балалар ауруханасында өткен семинар

2019 жылдың 27 қарашасында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының (Облыстық ЖИТС орталығы) мамандары Жамбыл облыстық балалар ауруханасының медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Семинар барысында дәрігер-эпидемиолог Калметова Гүлжан әлемде, Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ /ЖИТС-тың эпидемиологиялық ахуалы туралы ақпарат берді. Дәрігер-эпидемиолог Ахметова Гүлшат АИТВ бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен, 2018 жылмен салыстырғанда аурухананың 9 айдағы жұмыс қорытындыларымен таныстырды. Садыбекова Ғалия медицина қызметкерлеріне АИТВ білуіне сауалнама жүргізіп, халық арасында АИТВ алдын алу туралы айтты. Буклеттер мен плакаттар таратылды. АИТВ жұқтыру жағдайы талқыланды.

 

 

 

«Мейірім» саңырау және нашар еститін балаларға арналған арнайы түзету мектеп-интернатында жоғары сынып оқушылары арасында «АИТВ/ЖИТС алдын алу және берілу жолдары» тақырыбында дәріс өткізілді.

2019 жылы 27 қарашада жоғары сынып оқушылары мен мектеп-интернат оқытушыларына сурдоаудармашымен дәріс оқылды. Дәріс барысында АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен ерте белгілері қарастырылды. Өскелең ұрпақ АИТВ туралы ертерек білсе, соғұрлым АИТВ жұқтырмау мүмкіндігі көп. Оқушылардың АИТВ және ЖИТС берілу жолдары туралы білімдері түзетілді, себебі олар масалар тістеген кезде, қан арқылы, төбелес кезінде, бассеинде шомылғанда жұғады деп қорқады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар, «Өз мәртебеңді біл!» тақырыбына бейнеролик көрсетілді.