Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Болашақта біздің денсаулығымыз сіздердің қолдарыңызда!

Ағымдағы жылдың 3-ші желтоқсанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында медициналық колледж студенттері үшін экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студенттер орталықтың барлық бөлімдерінің қызметімен таныстырылды. 1989 жылы ашылған орталықта бүгінгі таңда 121 қызметкер өз істерін ойдағыдай атқаруда. Білімгерлерге АИТВ жұқпасы қауіпті, созылмалы және емделмейтін ауру екендігі туралы, аурудың жұғу жолдары мен оның алдын алу шаралары жайында айтылды. Алдын алған адаспайды демекші, АИТВ-ның таралу жолдарын білу – АИТВ берілуінің алдын алу тәсілдерін білу деген сөз. Жасөспірімдер алған ақпараттар оларды жаңа дағдылар қалыптастыруға немесе бұрынғы мінез-құлқын өзгертуге жетелеуі мүмкін, бұл олардың өмірлік дағдыларын дамытуға жағдай жасайды. Мамандардан алынған ақпарат жастардың бойында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға гуманисті қарым-қатынасын, оларға адамгершілікпен қарап, көмектесу мен қолдауға ниет білдіруін тәрбиелеуге арналған. Сонымен қатар білімгерлерге «Өз мәртебеңді біл» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған