Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Тараз-Ғасыр» студенттері Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында болып қайтты

2019 жылы 19 қарашада студенттер арасында ЖИТС орталығы бойынша экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында орталық мамандары студенттерге АИТВ/ЖИТС алдын алу туралы ақпарат берді, сондай-ақ АИТВ-жұқпасының статистикасымен таныстырды.  АИТВ-ның пайда болу белгілері туралы айтты. Ағзада АИТВ жұқтырғаннан бастап 3 ай ішінде АИТВ-ға антиденелер пайда болатынын,  ауру асимптоматикалық болып кететінін айтты. ЖИТС орталығының барлық бөлімдеріне келіп, оқушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

 

Таразда «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» атты ауқымды ақция өтті.

20 қарашада Тараз қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған және Жамбыл облыстық ЖИТС-ты алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының отыз жылдығына арналған «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» тақырыбымен кең ауқымды акция өтті.
-Ауқымды іс-шара жастарға АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттандыруға бағытталған, – деді Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің бастығы Ғалия Садыбекова. -Біз АИТВ-мен ауыратын адамдарға арналған стигма мен дискриминацияға назар аударғымыз келеді және АИТВ-инфекциясының таралу жолдары туралы тағы да еске саламыз, – деп қосты маман.
Іс-шараның алдында, баннерлермен безендірілген «Баласағұн» концерт залында АИТВ-ға жедел-тест ұйымдастырылып, буклеттер таратылды. Сонымен қатар, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері жастар флеш-мобымен өнер көрсетті.
Оқушылар, студенттер, әскери қызметкерлер және қала жұртшылығы көп жиналған шараның салтанатты бөлігі Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымовтың құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде спикер облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлерін айтулы күнмен құттықтап, АИТВ және ЖИТС-пен күрес өзектілігін жоғалтпайтынын және насихаттау мен алдын- алудың маңызы зор екенін атап өтті.
Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері Ерлан Исмагулов қоғамдастықтардың шешуші рөлі және оның маңыздылығы туралы өз сөзінде ашып айтты.
Жастар аудитория алдында Рио де Жанейрода өткен параолимпиаданың чемпионы, әлем, Азия және Еуропа, олимпиада ойындарының жүлдегері, еңбек сіңірген спорт шебері Зульфия Ғабидуллина ерекше шынайы және жылы сезіммен сөйледі. Спортшы бозбалалар мен қыздарды денсаулықты сақтауға және зиянды әдеттер мен дұрыс емес өмір салтынан арылуға, өз өмірінің әр күнін бағалауға шақырды.
Акцияның ерекше сәті АИТВ-мен өмір сүретін екі жас әйелдің әңгімесі болды.
-Менің мәртебем белгілі болғанға дейін, біздің қалада АИТВ жоқ деп ойладым. Мен үшін бұл жаңалық нағыз соққы болды, деп мойындады олардың бірі. Енді мен көп ақпарат алғандықтан, көп жағдайда АИТВ өмір сүруге болатынын білемін.
АИТВ-мен өмір сүретін екінші әйелдің айтуынша, оған жақындары мен достары үлкен қолдау көрсетті. Оларға өте риза екенін айтты.
Оқиғалық іс-шара Жамбыл филармониясының мүзыкалық нөмірлерімен жалғасып, өте жақсы, ұмытылмас әсер қалдырды.

  

 

 

 

 

 

№ 24 гимназиядағы дәріс

2019 жылдың 18 қарашасында Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Т. М. Мамедова № 24 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушыларына дәріс оқыды. Оқушыларға АИТВ/ЖИТС дегеніміз не, берілу жолдары, алдын алу шаралары, АИТВ жұқтырудың қандай жағдайларда болмайтыны туралы айтылды. Сонымен қатар, оқушылар Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен танысты. Сонымен қатар оқушыларға «АИТВ туралы аңыздар мен шындық» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді.

 

Жамбыл облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу

 Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының және Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.
30-дан астам ұлдар мен қыздар АИТВ және ЖИТС алдын алу бойынша мазмұнды дәріс тыңдады, биылғы жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» ұранымен өтетіні туралы білді. Кездесу барысында 20-ға жуық адам АИТВ-тестінен өтіп, өз мәртебесін білді.
Кездесу барысында жас қатысушыларды әр түрлі сұрақтар қызықтырды, соның ішінде инфекцияның берілу жолдары да қызықтырды, оған ЖИТС ОО педагогы Рахима Жакенова және профилактикалық бөлімінің маманы Эльмира Ташқараева толық жауап берді.

 

Кураторлық мектебімен дөңгелек үстел

2019 жылы 14 қарашада Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жіргізу орталығының педагогы Рахима Жәкенова мансап және кәсіби даму орталығымен бірлесіп М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде кураторлық мектеппен дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді. Дөңгелек үстелді өткізу барысында Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының алдын алу, берілу жолдары, эпидемиологиялық жағдай мәселелері талқыланды, сондай-ақ қазіргі таңда «ЖИТС-ке қарсы күрестің дүниежүзілік кампаниясы» жүргізіліп жатқаны және осы жылдың ұраны «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» туралы айтылды.

Жамбыл облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы семинар

2019  жылдың 15 қарашасында Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының маманы аурудың алғашқы кезеңінде АИТВ жұқтырған науқастарды белсенді анықтау мақсатында Жамбыл облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлері үшін семинар өткізілді.
Аурухананың дәрігерлеріне АИТВ -инфекциясы туралы ҚР мен Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясының бар-жоғына пациенттерге міндетті құпия медициналық тексеру жүргізу тәртібіне ерекше назар аударылды, ҚР ДСМ және СР 23.06.2015 ж. №508 бұйрығына сәйкес тыңдаушылардың назары АИТВ-инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін оппортунистік аурулары бар адамдарды тексеруге баса назар аударылды.

Медициналық манипуляцияларды жүргізу барысында туындауы мүмкін АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу мақсатында апаттық жағдайлардың үлгілері және кейіннен антиретровирустық терапия жүргізу (қажет болған жағдайда) қарастырылды.
АИТВ жұқтырған пациенттерге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметтік этика және деонтология, дәрігерлік құпияны сақтау, дәрігерлердің заңды жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

 

«Садыхан» Облыстық консультативтік-диагностикалық медициналық орталығындағы семинар

2019 жылдың 14 қарашасында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының дәрігерлері С. Ш. Дулатбаева мен Т. М. Мамедова ОКМДО медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ жұқтыру жолдары, тестілеу әдістері, АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсітушілік туралы айтылды. «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру Ережесін бекіту туралы» № 508 бұйрығы егжей-тегжейлі талқыланды, АИТВ тексеру үшін барлық айғақтар аударылды, АИТВ тексеруге жіберу кезінде дұрыс кодтау мақсатында № 4 нысан талқыланды. Іс-шарамен 37 адам қамтылды.

Оқушыларға арналған экскурсия

Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқаны-бұл індетке қарсы іс-қимылдағы қауымдастықтардың маңызды рөлін тануға мүмкіндік, осыған орай, Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы жастар денсаулық орталықтарымен бірге жастарға ЖИТС орталығына экскурсия ұйымдастырды.

2019 жылдың 13 қарашасында №16 мектептің 11 сынып оқушыларына экскурсия өткізілді. Орталық мамандары Т.М. Мамедова мен К.Б. Аушенова оқушыларды барлық бөлімдерге ертіп барды, онда бөлім меңгерушілері бөлімдердің жұмысын толық сипаттап,  егжей-тегжейлі айтып берді. Оқушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 

Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығына оқушыларға арналған экскурсия

Бүгін 2019 жылы 15 қарашада №24 гимназия оқушылары арасында ЖИТС орталығы бойынша экскурсия өткізілді.

Экскурсия барысында оқушыларға АИТВ/ЖИТС берілу жолдары және алдын алу туралы айтты, сондай-ақ АИТВ жұқтырғандар туралы статистикамен таныстырды. ЖИТС орталығының мамандары Достық Кабинеті туралы айтты. Достық кабинеті ЖИТС орталығында жеке ғимаратта орналасқан және еріктілік, құпиялылық және анонимдік қағидаттары бойынша тегін қызмет көрсетеді. Кабинеттің басты мақсаты халықтың осал топтары арасында АИТВ-инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралу қарқынын төмендету болып табылады.

Экскурсия соңында оқушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді. Оқушылар мен оқытушылар алғыстарын білдірді

Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығындағы ТИМУ студенттері үшін экскурсия

2019 жылы 12 қарашада ТИМУ студенттерімен облыстық ЖИТС орталығы бойынша экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында ЖИТС орталығының мамандары студенттерді ЖИТС орталығының тарихымен таныстырып, барлық бөлімдермен таныстырды. Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы 1989 жылдың қазан айында құрылды. ЖИТС ОО-да 121 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде: дәрігерлер – 38, орта медициналық қызметкерлер-41, кіші қызметкерлер-4 және басқа қызметкерлер-38. Орталық бойынша барлығы 11 бөлім жұмыс істейді, бұл:
Әкімшілік-шаруашылық бөлімі;
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі;
Бухгалтерлік есеп бөлімі;
Алдын алу бөлімі;
АИТВ инфекциясын қадағалайтын компьютерлік бөлім;
Сенім пункті;
Эпидемиологиялық бөлім;
Емдеу-алдын алу бөлімі;
Психоәлеуметтік кеңес беру және жасырын тестілеу кабинеті;
Достық кабинеті;
ИФТ зертханасы.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тың алдын алу, диагностикалау және емдеуді жүзеге асырады, аймақта АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады, жергілікті атқарушы ұйымдармен, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен, түрлі ведомстволармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп АИТВ-инфекциясының алдын алу бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, халықтың осал топтарына кешенді қызмет пакетін ұсынады, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу, АИТВ-инфекциясының сырқаттануы мен таралуына эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді және ұйымдастыруды жүзеге асырады. Сондай-ақ өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды талдауды жүзеге асырады, медицина қызметкерлерін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша оқытуды жүргізеді, медициналық ұйымдарда қызметкерлер мен науқастарды АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алу бойынша кеңес береді. Орталық қызметкерлері халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы хабардар етуді, халықтың әртүрлі топтары үшін ақпараттық материалдарды әзірлеуді және таратуды жүзеге асырады, АИТВ жұқтырғандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде медициналық көмекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сынаққа дейінгі кеңес және одан кейін қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, айғақтар болған кезде, антиретровирустық алдын алу амалдарын жасауға халықтың қол жеткізуін қамтамасыз етеді, анадан балаға АИТВ инфекциясының берілу қаупін төмендету бойынша алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, медициналық қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізеді және пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын қамтамасыз етеді.
Экскурсия барысында студенттер ЖИТС орталығының жұмысымен танысты. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Қатысушылар ИФТ-ға қан тапсырып, АИТВ жедел-тестілеуден өтті.