Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Таразда «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» атты ауқымды ақция өтті.

20 қарашада Тараз қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған және Жамбыл облыстық ЖИТС-ты алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының отыз жылдығына арналған «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» тақырыбымен кең ауқымды акция өтті.
-Ауқымды іс-шара жастарға АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттандыруға бағытталған, – деді Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің бастығы Ғалия Садыбекова. -Біз АИТВ-мен ауыратын адамдарға арналған стигма мен дискриминацияға назар аударғымыз келеді және АИТВ-инфекциясының таралу жолдары туралы тағы да еске саламыз, – деп қосты маман.
Іс-шараның алдында, баннерлермен безендірілген «Баласағұн» концерт залында АИТВ-ға жедел-тест ұйымдастырылып, буклеттер таратылды. Сонымен қатар, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері жастар флеш-мобымен өнер көрсетті.
Оқушылар, студенттер, әскери қызметкерлер және қала жұртшылығы көп жиналған шараның салтанатты бөлігі Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымовтың құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде спикер облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлерін айтулы күнмен құттықтап, АИТВ және ЖИТС-пен күрес өзектілігін жоғалтпайтынын және насихаттау мен алдын- алудың маңызы зор екенін атап өтті.
Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері Ерлан Исмагулов қоғамдастықтардың шешуші рөлі және оның маңыздылығы туралы өз сөзінде ашып айтты.
Жастар аудитория алдында Рио де Жанейрода өткен параолимпиаданың чемпионы, әлем, Азия және Еуропа, олимпиада ойындарының жүлдегері, еңбек сіңірген спорт шебері Зульфия Ғабидуллина ерекше шынайы және жылы сезіммен сөйледі. Спортшы бозбалалар мен қыздарды денсаулықты сақтауға және зиянды әдеттер мен дұрыс емес өмір салтынан арылуға, өз өмірінің әр күнін бағалауға шақырды.
Акцияның ерекше сәті АИТВ-мен өмір сүретін екі жас әйелдің әңгімесі болды.
-Менің мәртебем белгілі болғанға дейін, біздің қалада АИТВ жоқ деп ойладым. Мен үшін бұл жаңалық нағыз соққы болды, деп мойындады олардың бірі. Енді мен көп ақпарат алғандықтан, көп жағдайда АИТВ өмір сүруге болатынын білемін.
АИТВ-мен өмір сүретін екінші әйелдің айтуынша, оған жақындары мен достары үлкен қолдау көрсетті. Оларға өте риза екенін айтты.
Оқиғалық іс-шара Жамбыл филармониясының мүзыкалық нөмірлерімен жалғасып, өте жақсы, ұмытылмас әсер қалдырды.

  

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған