Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

8-10 сынып оқушыларын АИТВ – мен таныстыру

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы тұрақты түрде АИТВ індеті туралы 8-10 сынып оқушыларына дәрістер өткізеді. Жас ұрпаққа  неғұрлым жиі және уақтылы АИТВ туралы хабарланатын болса, оларды індеттен қорғау мүмкіндігі әлдеқайда көп болады. Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Бегманова М., Мамедова Т., Аушенова Ж. оқушыларға қол жетімді түрде АИТВ және ЖИТС таралу жолдары мен алдын алу шаралары, нашақорлық және оның АИТВ жұқпасына әсері  туралы түсінік берді. Мектеп психологтарымен бірлесіп, АИТВ туралы білімдерін анықтайтын сауалнама жүргізді. Сауалнама  АИТВ туралы ең маңызды мәселелері қамтылған 7 сұрақтан тұрады. Жасөспірімдердің толтырған сауалнамаларын талдауына жүгінсек, қан арқылы АИТВ індетін жұқтыру мүмкін екендігін білмейді.  Мысалы, олардың көбісі маса шаққаннан жұғады деп ойлайды. Барлық дұрыс емес түсініктер міндетті түрде түзетілді.

№38 ОМ22.02.2019ж

 

№ 25 ОМ 20.02.2019ж

№47 ОМ.19.02.2019ж.

№36 ОМ 21.02.2019ж.

№26 ОМ 21.02.2019ж.

№42 ОМ 22.02. 2019ж.

№12 ОМ 20.02.2019ж.

№ 12 ОМ 22.02.2019ж

Спорттық рухпен АИТВ қарсы

 

Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Дүниежүзілік ЖИТС-н алдын алу және қарсы күресу күніне орай, 1 ай ішінде өткізілген іс-шараларды қорытындылап, Жамбылдық жоғарғы политехникалық колледжінде спорттық жарыс өткізді. Облыстың  ұзақ тарихы бар оқу орындарының бірінде, оқытушылары мен оқушылары барлық спорттық-сауықтыру іс-шараларға белсене қатысуымен елге танымал. Колледж спорттық алаңдары спорттық құралдармен жабдықталған.

Оқытылатын студенттер арасында көптеген спортшылар бар, сондықтан ұйымдастырушылар, жарысты балалардың жақсы көретін ойындарының бірі- баскетболдан өткізуді ұйғарды.

Әр-түрлі факультет ұл-қыздары 12 топты құрап, қызығушылықпен іс-шараға қатысты. Бұл шара «Өз статусыңды біл», «АИТВ тексеруден өт» деген ұрандармен өтті.

– Біздің балалар тек спортпен айналысып қана қоймай,  сонымен бірге денсауығы мен қылмыстың алдын алу туралы ақпаратпен қарулануға дайын. Бүгінгі шара-соның дәлелі,- деді  Жамбыл  жоғары политехникалық колледжінің дәріскері Алмас Курбанов.

Колледж директоры Данияр Мамытбеков , құттықтау сөзімен жарысты ашты, басшы жеткіншектерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырып, командаларға сәттілік тіледі.

Содан кейін, ЖИТС орталығының алдын –алу бөлімінің ұйымдастырушы-дәріскері Рахима Жакенова шараға қатысушыларға  алдын алу және Жамбыл облыстық  ЖИТС қарсы күресу күні,  АИТВ стигма мен  кемсіту туралы қысқаша ақпарат берді.

Жарыс барысында спортшыларды курстастары ыстық ықыласпен қолдады. Жарыс соңында жеңімпаздар  Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын-алу және қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері дайындаған, кубоктармен марапатталды.

Сенім пунктінде кімдер қызмет етеді?

Сахарный кентінде орналасқан №7 қалалық емхананың жаңа Сенім пунктінде (СП) психолог Сунгибаев Бауыржан және медбике Никулина Алена жұмыс атқарады. Сенім пункті инъекциялық есірткі тұтынушылардың арасында зиянды төмендетуге бағытталған алдын алу шараларын жүргізуге арналған. Психолог тестілеу түрлері мен олардың нәтижесі, алдын алу шаралары туралы тестілеуге дейін және кейінгі кеңес береді, симптомдары мен шағымдарына сәйкес білікті мамандарға жібереді. Медбике АИТВ жұқпасын анықтайтын ИФТ жылдам әдісімен тестілеу үшін, қан алады. Облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Исаев Айбек инъекциялық есірткі тұтынушыларды тарту және оларға алдын алу қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі СП белсенді жұмысына сенім білдірді.

АИТВ туралы қыздармен сөйлесу

2019 жылдың 11 ақпанында Тараз қаласы №48 орта мектебінің 9-10 сынып қыздарымен кездесу өтті. Мұндай іріктеп өткізген нысана түрі «жабық сұрақтарды» ашық айқындауға мүмкіндік береді. Облыстық ЖИТС орталығының әлеуметтанушысы Бегманова Мереке мен №4 емханаға қарасты «Алмас» жастар денсаулық орталығының (ЖДО) акушер -гинекологы Жолшыбекова А. АИТВ жыныстық жолмен, анадан балаға, татуировка, пирсинг жасатқанда қан арқылы таралуы туралы әңгімеледі.

Ерте жыныстық өмір деген не? Жыныстық жолмен жіберуші инфекцияларын (ЖЖЖИ) жұқтыру қаупі туралы әңгімеледі.Ерте жыныстық өмірдің салдары – ерте жүктіліктер және олардың үзілуі. Қазіргі таңда әрбір адамның жауапты мінез-құлқы АИТВ жұқпасы мен жыныстық жолмен жұқтыратын инфекциялардың болмауы және қауіпсіз болашақтың кепілі болып табылатыны туралы ескертілді.

 

Баспасөз-хабарламасы. Инъекциялық есірткі тұтынушылары үшін жаңа сенім пункті ашылды

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен, 1 наурызда өткізілетін халықаралық (Нөльдік кемсітушілік) күніне белгіленді.

Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы №7 емхана негізінде инъекциялық есірткі тұтынушылары үшін жаңа сенім пунктін ашты ( СП)(ИЕТ).Жұмыс қағидаттары: құпиялылық,жасырын , өз еркімен.

СП көрсетілетін қызметтер:

шприцтерді тарату және алмастыру
презервативтер тарату
таралу жолдары мен алдын алу бойынша психоәлеуметтік кеңес беру
АИТВ жедел тестілеу (саусақтан қан )
иммунноферменттік әдісі бойынша(ИФТ) (күретамыр қан) АИТВ, мерезге, хламидияға, В, С гепатитіне қан зертеуін жүргізу
ақпараттық -оқу материалдарын тарату

Өткізу орны: Тараз қ., Рафинадная көш.13

Өткізу мерзімі: 14 ақпан 2019 жылы

Начало проведения: 12-00 с.

Іс-шараны ұйымдастырушы: Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы

Инъекциялық есірткі тұтынушылар үшін жаңа пункт ашылды.

Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы №7 емхана негізінде  инъекциялық есірткі тұтынушылар үшін жаңа сенім пунктін ашты

( СП)(ИЕҚТ)

                             Құпиялы, жасырын, өз еркімен

              Тек (ИЕТ) үшін көрсетілетін қызметтер:

  • шприцтерді тарату және алмастыру
  • презервативтер тарату
  • таралу жолдары мен алдын алу бойынша психоәлеуметтік кеңес беру
  • АИТВ тестілеу (саусақтан  қан )
  • иммунноферменттік  (ИФТ) (күретамыр қан) арқылы АИТВ, мерезге, хламидияға, В, С гепатитіне қан зертеуін жүргізу
  • ақпараттық -оқыту материалдарын тарату

СП мекен-жайы: Тараз қ., Рафинадная көш. 13

 

Дінтану және жауапты мінез-құлық негіздері

2019 жылдың 15 қаңтарында Тараз қаласының №10 орта мектебінде «Дінтану және жауапты мінез-құлық негіздері’ тақырыбына дәріс өткізілді. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің Діни істер басқармасының маманы Құлымбетов Алмас, » һивагулля Тарази»мешітінің имамы Амиреев Бахтияр қатысты. Берілген ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 18 діни бағыттар бар, олардың ішінде тыйым салынғандары. Аймақтың бүкіл халқы әртүрлі дінге ие болғандықтан, жасөспірімдерге бұл айырмашылық бар екені, ислам бағытын таңдаған кезде отбасылық құндылықтар, жауапты мінез-құлық негіздерін және жеке қасиеттер қалыптастыру керек екені түсіндірілді. Облыстық ЖИТС орталығының дәріскері Жакенова Рахима АИТВ/ЖИТС, стигма мен кемсітушілік , отбасылық құндылықтар негіздері туралы түсінік бере отырып, АИТВ/ЖИТС алдында әрбір адамның жауапты мінез-құлық қалыптастыру міндетті екенін айтты

№53 мектеп-гимназиясының оқушыларына арналған АИТВ туралы дәріс

2019 жылдың 06 ақпанында ОЖИТСО әлеуметтанушысы Бегманова Мереке Тараз қ. №53 мектеп-гимназиясының 9-10 сынып оқушыларына « АИТВ/ЖИТС алдын алу» тақырыбы бойынша дәріс өткізді. Оқушыларға ең қажетті ақпарат ол АИТВ жұқтыру жолдары және алдын-алу шаралары. Жас ұрпақ АИТВ туралы қаншалықты ертерек білсе, соншалықты АИТВ жұқтырмауға мүмкіндік артады. Оқушыларға АИТВ және ЖИТС қан арқылы өтетін жолдар туралы тұжырымдарын түзетіп, маса шаққанда, төбелес кезінде, бассейнге түскенде жұқтыру мүмкін деген қорқыныштан арылту. АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсіту тақырыбы да талқыланды.

btrhdr

Оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру

06 ақпанда сағат 15.00 Тараз қаласындағы №42 орта мектебінде жастар арасынан АИТВ -індетін алдын-алу бойынша дәріс өткізілді. ОЖИТСО әлеуметтанушысы Бегманова Мереке ҚР АИТВ жұқтырған 35000 астам адам тіркелгенін, Жамбыл облысында АИТВ індетін жұқтырғандардың саны 1274 екенін айтты. Ең осал топтар – 19 жастан 29 жасқа дейінгі жастар. Жыныстық жолмен жұқтырғандардың саны көп. Жасөспірімдерге АИТВ алдын алу тәсілдері мен шаралары, АИТВ -жұқпасының алдын алудағы жауапты мінез-құлық, инъекциялық есірткіні қолданғанда АИТВ жұқтыру қауіптері туралы айтты. АИТВ туралы білімдерін анықтайтын сауалнама жүргізілді.

Тараз қаласының №54 орта мектебіндегі АИТВ туралы дәріс.

2019 жылдың 18 қаңтарында мектеп басшылығының және «Жастар» денсаулық орталығының қатысуымен ОЖИТСО           « Жастар арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу» тақырыбы бойынша дәріс жүргізілді.Тыңдаушылар 8-9 сынып оқушылары. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты АИТВ жұқпасының таралуы мен алдын алу мәселелерін түсіндіру болып табылады. Стигма мен кемсітушілікке тоқталды. Оқушылар барлық сұрақтарға жауап алды.