2019 жылдың 18 қаңтарында мектеп басшылығының және «Жастар» денсаулық орталығының қатысуымен ОЖИТСО « Жастар арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу» тақырыбы бойынша дәріс жүргізілді.Тыңдаушылар 8-9 сынып оқушылары. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты АИТВ жұқпасының таралуы мен алдын алу мәселелерін түсіндіру болып табылады. Стигма мен кемсітушілікке тоқталды. Оқушылар барлық сұрақтарға жауап алды.
Жаңалықтар
Ата-аналарға АИТВ туралы
Соңғы уақытта АИТВ алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізуде кәмелетке толмағандардың ата-аналарына маңызды рөл беріледі. АИТВ алдын алу тек мектеп мұғалімдерінің ғана емес, осы мәселе бойынша ата-аналар «үй мұғалімдері» болуы тиіс. Байзақ ауданында Н.Ақшабаев атындағы орта мектепте өткен ата-аналар жиналысында:«АИТВ алдын-алудағы ата-аналардың рөлі », « ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ бойынша жағдайы», «АИТВ таралу жолдары», «Жауапты мінез-құлық – АИТВ қорғану» тақырыптары айқындалды. Дәріс беруші -ОЖИТСО педагогы Жакенова Рахима. Мектеп директоры Сейдалиева Айсара балалардың бос уақытына және кешке өткізілетін уақытты қадағалауға ата-аналардың назарын аударып, олармен жиі қатынаста болу маңызды екенін айтты.Мектеп психологы балалардың психологиялық жағдайына көңіл аудару керектігін ескертті.
Шу ауданының мұғалімдеріне арналған семинар-тренингі
07.02.20192019 жылдың 22 қаңтарында Шу ауданының Төле би кентінде М. Мақатаев атындағы орта мектебінде өткен шығу семинары барысында психологтар, әлеуметтік педагогтар, 40 жалпы білім беретін мектептерін
ің мұғалімдері (60 адам)
қамтылды. Семинар тақырыбы: «Мектеп жағдайында АИТВ алдын алу». Аудандық білім бөлімінің әдіскері осындай семинарды өткізудің маңыздылығын атап өтті, АИТВ алдын алуда оқытылған оқушылармен кеңінен қамтуға мүмкіндік береді. ОЖИТСО мамандары Садыбекова Ғ.және Жакенова Р. қатысушыларға АИТВ туралы базалық білімдерін беріп, «Тәуекел шкаласы», «16 құндылық» тренингтерін өткізді. Инфекцияны жұқтыру жолдары мен алдын алу мәселелері бойынша қатысушылардың топтары арасында шаралар өткізілд46 07.02.2
0192019 жылдың 22 қаңтарында Шу ауданының Төле би кентінде М. Мақатаев атындағы орта мектебінде өткен шығу семинары барысында психо
логтар, әлеуметтік педагогтар, 40 жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері (60 адам) қамтылды. Семинар тақырыбы: «Мектеп жағдайында АИТВ алдын алу». Аудандық білім бөлімінің әдіскері осындай семинарды өткізудің маңыздылығын атап өтті, АИТВ алдын алуда оқытылған оқушылармен кеңінен қамтуға мүмкіндік береді. ОЖИТСО мамандары Садыбекова Ғ.және Жакенова Р. қатысушыларға АИТВ туралы базалық б
ілімдерін беріп, «Тәуекел шкаласы», «16 құндылық» тренингтерін өткізді. Инфекцияны жұқтыру жолдары мен алдын алу мәселелері бойынша қатысушылардың топтары арасында шаралар өткізілді.
АИТВ/ ЖИТС мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерін оқыту.
Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде АИТВ алдын алу мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерін оқыту барысында Шу ауданына әдістемелік көмек көрсетілді.«Халық арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету жағдайында психологиялық-әлеуметтік кеңес беру негіздері» тақырыбында өткізілген семинар-тренингке Төле би кентінің аудандық медицина қызметкерлері және Шу қаласының АДА, ФАП, МП қатысты. ОЖИТСО мамандары Садыбекова Г. мен Жакенова Р. қатысушыларға психологиялық-әдістемелік көмек беруге қажетті негізгі ақпарат берілді. Қатысушылардың АИТВ туралы білімдерін анықтайтын сауалнама жүргізіліп (алдын ала және кейін), ситуациялық тапсырмалар берілді. Шағын топтарда мәселелерді шешу барысында психологиялық-әдістемелік көмек көрсетілді. АИТВ/ЖИТС алдын алудағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемелердің рөлі өте зор, себебі халықты тұрғылықты жер бойынша ең көп қамту мүмкіндігі бар.
АИТВ туралы Жамбыл облысының оқушылары үшін онлайн-дәріс
2019 жылдың 30 қаңтарында сағат 12.00 Жамбыл облысы әкімдігінің облыстық білім басқармасының баспасөз орталығында « Мектеп жағдайында АИТВ/ЖИТС алдын алу» тақырыбында онлайн дәріс өткізілді. Дәріскер- ОЖИТСО педагогы Жакенова Рахима. Бұл іс-шараға аудан мектептері қатысты. Байзақ ауданы-9; Жуалы ауданы- 10; Қордай ауданы-8; Меркі ауданы-6; Мойынқұм ауданы-6; Т.Рысқұлов ауданы- 6; Талас ауданы-8; Шу ауданы-16; Тараз қаласы – 51; білім басқармасы-5. Оқушылармен қатар 89 мұғалімдер және психологтар қатысты. Барлығы-137 мектеп. Неғұрлым АИТВ инфекциясы және алдын алу шаралары туралы ақпараттық материалдар қарқынды берілсе, соғұрлым бұл деректер жастарда жақсы бекітіледі.
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі АИТВ-жұқпасы туралы семинар
2019 жылдың 01 ақпанында ЖД-158/1 мекемесінде Жамбыл облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) медициналық қызметкерлері үшін « Пенитенциарлық мекемелерде АИТВ-жұқпасын алдын-алу, диагностикалау және емдеу» тақырыбында семинар – кеңес өткізілді. Кеңеске ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Жапашева Б.Т., әділет капитаны Абдибай Е.М., ҚАЖД маманы Махмудов К.С., «Салауатты Өлке Жан-Нұр» ҮЕБ директоры Арынбаева З.А., обл.СӨС маманы Сарыбаева Б.Б., ОЖИТСО эпидемиолог-дәрігері Когай В.С. қатысты. Когай Виктордың баяндамасы бойынша, соңғы екі жылда АИТВ мәселесі оң нәтижесін көрсетті, арнайы контингент арасында АИТВ жұқтыру саны азайды, ҮЕБ тарапынан 16000 дана презерватив, АИТВ жұқтыру жолдары мен оны алдын алу шаралары туралы 2284 дана буклет таратылды. Семинарға қатысушылар сауалнамалар толтырып, өз білімдерін көрсетті. Босатылған сотталғандарды одан әрі бақылау үшін, олардың кету мекен-жайы туралы ОЖИТСО хабардар ету – маңызды.
Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің 2017-2018 жылдың 12 айына эпидемиологиялық жағдайы
Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында 2018 жылдың 12 айына АИТВ жұқпасы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың жағдайы.
Қазақстан Республикасында 2018 жылдың 12 айында 3128 АИТВ жұқтырғандар тіркелген, соның ішінде ҚР азаматтары – 3100 жағдай. 100 мың тұрғынға көрсеткіші – 17,3(12 ай. 2017г. – 2852, 100 мың тұрғынға көрсеткіші – 15,9). Шетел азаматтары – 118 жағдай – 3,7% барлық АИТВ жұқтырғандар ішінде (12 ай. 2017ж. – 152 жағдай – 5,0%) және жасырын тексерілген тұлғалар – жоқ (2017 ж. 12 айға – 13%). 2017 жылмен салыстырғанда 248 жағдайға өскен 8,7% құрайды.
Кумулятивтік 30.12.2018 жылға АИТВ жұқтырғандар саны – 1156 жағдайды құрайды, АИТВ инфекциясынан қайтыс болғандарды шегергенде 100 000 тұрғынға сырқаттану көрсеткіші – 70,0 , Қазақстан Республикасы бойынша –126,8
Жамбыл облысы бойынша 2018 жылдың 12 айында 98 АИТВ жұқтырғандар тіркелген, 100 мың тұрғынға көрсеткіші – 8,8 (12 ай 2017ж. – 61 жағдай, 100 мың тұрғынға көрсеткіші – 5,5), 37 жағдайға өскен. Ерлердің үлес салмағы – 51,0%, әйелдер – 49,0%. Жылдың 12 айында АИТВ жұқтырғандардың жас аралығындағылар 0-1жас- 1,0, 11–14 жас – 1,0%, 20–29 жас – 12,2% (2017 ж. – 22,6%), 30–39 жас – 38,8% (2017ж.- 37,1%), 40-49 жас –26,5% (2017г. – 27,4%), 50-59 жас- 14,3% (2017г.-8,1%), 60> жас – 6,1%. Жыныстық қатынаспен арқылы АИТВ жұқпасының берілуі – 75,5% құрайды (2017 ж.- 75,8%), есірткіні инемен тұтынушылар – 14,3% құрайды (2017ж.-12,9%), анықталмағандар 6,1% (2017ж.-6,5%).
Жамбыл облысы бойынша 2018 жылдың 12 айында әлеуметтік-кәсіптік статусы бойынша АИТВ жұқтырғандардың жағдайлары жұмыссыздар 64,3% (2017 ж. – 62,9%), жұмыс істейтіндер – 27,6% (2017 ж. – 30,6%).
« Тараз технология-cервис» колледж студенттеріне арналған дәріс
Жүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес күніне орай (әрі қарай – Кампания) 07 желтоқсанда Тараз қаласындағы колледждегі тағам дайындау факультетінің студенттеріне « Өз статусыңды біл» тақырыбы бойынша дәріс өткізілді. АИТВ инфекциясының таралу жолдары және алдын алу шаралары, Кампания мақсаттары мен ұраны туралы ақпарат берілді. Облыстық ЖИТС орталығының маманы Бегманова Мереке барлық қойылған сұрақтарға жауап берді. « АИТВ туралы білуіме тиіс барлық ақпарат» атты бейне көрсетіліп, ақпараттық оқыту материалдары үлестірілді.
« Өз статусыңды біл» атты ұранмен Тараз қаласындағы №33 орта мектебінде өткен спорттық жарыстар
Дүниежүзілік ЖИТС қарсы кампаниясына байланысты №33 орта мектебінде спорттық жарыстар және 3 ойын түрі өтті. Мектеп директоры Караулова Нурила өз кіріспе сөзінде АИТВ мәселесінің өзектілігі мен салауатты өмір салты туралы айтты. ЖИТС облыстық орталығының дәріскері Жакенова Рахима ЖИТС таралу жолдары, жастардың арасында АИТВ алдын алу шаралары, кампанияның мақсаты және «Өз статусыңды біл» ұраны туралы ақпарат берді. Жеңімпаздары облыстық ЖИТС орталығының сыйлықтары мен марапатталды.
«Өз статусыңды біл» тақырыбы бойынша Тараз қаласындағы ІІД әскери ауруханасындағы дәріс
Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес күніне орай, Тараз қаласы ІІД әскери ауруханасында « Өз статусыңды біл» атты ұранмен орталығының медициналық қызметкерлер мен пациенттерге арнап дәріс өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Когай Виктор Кампанияның мақсаттары туралы айтып, АИТВ таралу жолдары, алдын алу, АИТВ статусын не үшін білу керек екендігі туралы мәлімет берді. Пациенттер тестілеу түрлеріне, олардың нәтижесі, қашан және қай жерде тест тапсыруға болатынына қызығушылық білдірді. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді. Жедел әдіспен 30 адам зерттеуден өтті, нәтижесі теріс болды.