Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында 2018 жылдың 12 айына АИТВ жұқпасы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың жағдайы.

Қазақстан Республикасында 2018 жылдың 12 айында 3128 АИТВ жұқтырғандар тіркелген, соның ішінде ҚР азаматтары – 3100 жағдай. 100 мың тұрғынға көрсеткіші – 17,3(12 ай. 2017г. – 2852, 100 мың тұрғынға көрсеткіші – 15,9). Шетел азаматтары – 118 жағдай – 3,7% барлық АИТВ жұқтырғандар ішінде (12 ай. 2017ж. – 152 жағдай – 5,0%) және жасырын тексерілген тұлғалар – жоқ (2017 ж. 12 айға – 13%). 2017 жылмен салыстырғанда 248 жағдайға өскен 8,7% құрайды.

Кумулятивтік 30.12.2018 жылға АИТВ жұқтырғандар саны – 1156 жағдайды құрайды,  АИТВ инфекциясынан қайтыс болғандарды шегергенде 100 000 тұрғынға сырқаттану көрсеткіші – 70,0 ,  Қазақстан Республикасы бойынша –126,8

Жамбыл облысы бойынша 2018 жылдың 12 айында 98 АИТВ жұқтырғандар тіркелген, 100 мың тұрғынға көрсеткіші – 8,8 (12 ай 2017ж. – 61 жағдай, 100 мың тұрғынға көрсеткіші – 5,5), 37 жағдайға өскен. Ерлердің үлес салмағы – 51,0%, әйелдер – 49,0%. Жылдың 12 айында АИТВ жұқтырғандардың жас аралығындағылар 0-1жас- 1,0, 1114 жас – 1,0%2029 жас – 12,2% (2017 ж. – 22,6%), 303жас – 38,8% (2017ж.- 37,1%), 40-49 жас –26,5% (2017г. – 27,4%), 50-59 жас- 14,3(2017г.-8,1%), 60> жас – 6,1%. Жыныстық қатынаспен арқылы АИТВ жұқпасының берілуі – 75,5% құрайды (2017 ж.- 75,8%), есірткіні инемен тұтынушылар – 14,3% құрайды (2017ж.-12,9%), анықталмағандар 6,1(2017ж.-6,5%).

Жамбыл облысы бойынша 2018 жылдың 12 айында әлеуметтік-кәсіптік статусы бойынша АИТВ жұқтырғандардың жағдайлары жұмыссыздар 64,3% (2017 ж. – 62,9%), жұмыс істейтіндер – 27,6% (2017 ж. – 30,6%).