Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Аутрич-қызметкерлермен кездесу өтті

🔰Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері А.Иргебаева АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында негізгі топтармен жұмыс істейтін аутрич-қызметкерлермен кездесу өткізді.

🔹 Кездесудің басты мақсаты – өзара ынтымақтастықты нығайту, ақпараттану деңгейін арттыру және осал топтармен жұмыстың тиімді әдістерін жетілдіру болды.

Айгерім Өмірғалиқызы қатысушыларға АИТВ эпидемиясының қазіргі ахуалы, халықаралық науқанның мақсаттары және алдын алу шаралары туралы өзекті мәліметтер ұсынды. Ерте анықтау, тестілеуге ынталандыру, стигма мен кемсітушілікті жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🔹Іс-шара барысында аутрич-қызметкерлер тәжірибе алмасып, тиімді әдістерімен өзара бөлісті.

✅ Мұндай кездесулер профилактикалық бағдарламалардың сапасын арттыруға, серіктестікті нығайтуға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

🔰Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері А.Иргебаева АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында негізгі топтармен жұмыс істейтін аутрич-қызметкерлермен кездесу өткізді.

🔹 Кездесудің басты мақсаты – өзара ынтымақтастықты нығайту, ақпараттану деңгейін арттыру және осал топтармен жұмыстың тиімді әдістерін жетілдіру болды.

Айгерім Өмірғалиқызы қатысушыларға АИТВ эпидемиясының қазіргі ахуалы, халықаралық науқанның мақсаттары және алдын алу шаралары туралы өзекті мәліметтер ұсынды. Ерте анықтау, тестілеуге ынталандыру, стигма мен кемсітушілікті жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🔹Іс-шара барысында аутрич-қызметкерлер тәжірибе алмасып, тиімді әдістерімен өзара бөлісті.

✅ Мұндай кездесулер профилактикалық бағдарламалардың сапасын арттыруға, серіктестікті нығайтуға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Танымдық іс-шара өтті

 

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мен «Жаншуақ» жастар денсаулық орталығы бірлесе отырып, «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен №26 орта мектепте ақпараттық-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, қойылым қойып, би билеп, өлең айтып, АИТВ тақырыбына арналған танымдық ойындарға белсене қатысты.Мамандар жастармен ашық әңгіме жүргізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы түсіндірді.
Қатысушыларға ақпараттық бүктемелер мен жадынамалар таратылып, әрбір жасқа өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі атап өтілді.
Іс-шара достық пен белсенділік рухында өтіп, жастардың білімін арттыруға және АИТВ-ның алдын алу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты.

АИТВ-ның алдын алу шараларын жоспарлау бойынша жұмыс жиналысы өтті

 

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері И. Досымова мен В. Когай «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен бірқатар мекемелердің қызметкерлерімен жұмыс жиналысын өткізді.
Кездесуге №5 қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері К. С. Махмудов, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен №25, №26, №58 және №59 мекемелерінің медициналық пункт меңгерушілері және АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жауапты мамандар қатысты.
Жиында алдағы уақытта өткізілетін ақпараттық-танымдық іс-шаралардың жоспары талқыланып, АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, қауіп факторларын төмендету және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы бірлескен жұмыстарды үйлестіру мәселелері қаралды.
Кездесудің басты мақсаты – мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмысты тиімді жоспарлау болды.

Футболдан облыстық турнир өтті

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Тараз-Арена» спорт кешенінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен облыстық ашық футбол турнирі ұйымдастырылды.

Мақсаты – жастар арасында АИТВ-инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, қоғамның ақпараттану деңгейін көтеру, денсаулыққа жауапты көзқарасты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, турнир жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға, бұқаралық спортты дамытуға бағытталды.

Турнир барысында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары қатысушылар мен ниет білдірген студенттерге АИТВ инфекциясына жедел тестілеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, мамандар жастарға АИТВ-ның алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы кеңес беріп, ақпараттық жадынамалар таратты.

Турнир Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастыруымен, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы және «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен өтті.

Сайысқа облыстың әртүрлі колледждерінен келген студенттерден құралған командалар қатысты. Әр команда 10 ойыншыдан тұрып, ойындар халықаралық стандарттарға сәйкес өткізілді. Турнир барысында қатысушылар арасында спорттық рух пен өзара ынтымақтастық қалыптасты.

Жүлделі I, II және III орын алған командалар арнайы кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Облыстық турнир жастардың спортқа қызығушылығын арттырып қана қоймай, қоғамда АИТВ инфекциясын  алдын алу мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілікті өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты.

Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында дәріс өтті

 

🔰 Тараз қаласы білім бөліміне қарасты Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназияда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психолог маманы Г. Салпыкова оқушылармен кездесу ұйымдастырды.

🔹 Іс-шара барысында маман АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін аурулардың (ЖЖБИ) таралу жолдары, олардың алдын алу тәсілдері және қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы туралы түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мен салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары кеңінен айтылды.

✅ Кездесу соңында қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу және кемсітушілікке жол бермеу туралы ақпараттық бүктемелер таратылды.

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының жылжымалы тобы «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен университет студенттерімен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпаратты дәріс жүргізді.

Кездесу барысында мамандар АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) таралу жолдары, олардың алдын алу әдістері, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану және стигма мен кемсітушілікті болдырмау мәселелерін кеңінен түсіндірді.

Іс-шара аясында студенттерге АИТВ тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетіліп, ниет білдірген жастарға жылжымалы зертханалық пунктте жедел тестілеу жүргізілді.

Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ-ның алдын алу және кемсітушілікке жол бермеу жөніндегі ақпараттық материалдар мен бүктемелер таратылды.

№36 орта мектепте АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық кездесу өтті

 

Тараз қаласындағы №36 орта мектепте ЖИТС орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) туралы толық мәлімет беріліп, денсаулықты сақтау, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, кемсітушілік пен стигманың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары ерекше атап өтілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға алдын алу шараларын насихаттау турплы ақпараттық бүктемелер таратылды.

№13 орта мектепте АИТВ-ның алдын алу тақырыбында дәріс өтті

 

Тараз қаласындағы №13 орта мектепте ЖИТС орталығының мамандарының қатысуымен оқушыларға арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мамандар АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Кездесу соңында оқушыларға АИТВ-ның алдын алу және кемсітушілікке жол бермеу тақырыбында ақпараттық материалдар мен бүктемелер таратылды.

№42 орта мектепте АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті

 

🔰ЖИТС орталығының психолог мамандары М. Бегманова және Г. Салпыкова Тараз қалалық білім бөлімінің №42 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізіп, аталған тақырып аясында дәріс өткізді.
🔹Дәріс барысында мамандар АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да аурулардың алдын алу, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, кемсітушілік пен стигманы алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндірді.
✅Сонымен қатар оқушыларға АИТВ-ның алдын алу және кемсітушілікке жол бермеу тақырыбында ақпараттық бүктемелер (брошюралар) таратылды.

Жамбыл облысында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен науқан басталды

Жыл сайын Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде біздің республикамыздың өңірлерінде де ауқымды ақпараттық-ағартушылық және алдын алу іс-шаралары дәстүрлі түрде өткізіледі.Биылғы жылы науқан 10 қарашадан 10 желтоқсан аралығында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен өтеді.

Науқан аясында Жамбыл облысында түрлі форматтағы кездесулер, форумдар, интерактивті кездесулер, тақырыптық дөңгелек үстелдер, сондай-ақ колледж студенттері арасында волейбол және футболдан облыстық турнирлер, дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылатын болады. Мұндай іс-шаралар жастардың белсенділігін арттыруға, АИТВ инфекциясының алдын алу мәдениетін қалыптастыруға және салауатты өмір салтына бейілділікті дамытуға ықпал етеді.

Науқанның негізгі мақсаты – АИТВ-инфекциясының, ЖЖБИ мен басқа да аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, халықтың хабардар болу деңгейін арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын дамыту, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жамбыл облысында науқанның ресми ашылуы 10 қараша күні облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының конференц-залында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен басталды. Іс-шара барысында өңірлік телеарналар мен БАҚ өкілдері, өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды.

Конференция барысында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Калметова орталықтың қызметі, өңірдегі АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, қол жеткізілген нәтижелер және алдағы жоспарлар туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі О.Абдикеримова және мобильді тобының эпидемилог дәрігері С.Дулатбаева АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, жасөспірімдердің психикалық және репродуктивтік денсаулығын сақтау, сондай-ақ жеке жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Бүгінде Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Қазіргі заманғы емдеу әдістері науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға және инфекцияның одан әрі таралу қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Орталық мамандары жыл бойы халықтың АИТВ туралы хабардарлығын арттыруға, ерте тестілеу идеяларын ілгерілетуге, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық және алдын алу іс-шараларын жүйелі түрде өткізіп келеді.