Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Алғашқы медициналық санитарлық көмек жағдайында АИТВ бойынша тұрғындарға медициналық психоәлеуметтік кеңес беру

Жамбыл ауданы емханаларының медициналық қызметкерлері үшін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары 09.11.2018ж. семинар-тренинг өткізді. Психоәлеуметтік кеңес жүргізу білімінің базалық негіздерін Ғалия Садыбекова дайындады: Жамбыл облысында және Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық ахуал, алдын алу шаралары және таралу жолдары, кемсітушілік және дискриминация туралы ақпараттар берілді. Психоәлеуметтік кеңестің мақсаттары мен міндеттері жайында Рахима Жакенова түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинарға қатысушылар берілген ақпараттың пайдалы және осы мәселе бойынша өздерінің білімдерін ары қарай дамытуға ой салғанын атап өтті. Семинар-тренингті жүргізушілер жағынан материалдың игерілуіне жағдай жасалды.

Жасөспірімдерге АИТВ инфекциясы туралы

rbt
btr

Тараз қ. №26 орта мектебінде ағымдағы жылдың сегізінші қарашасында «АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына дәріс оқылды. АИТВ-ның алдын алу шаралары және жұғу жолдары туралы облыстық ЖИТС орталығының социологі Мереке Бегманова түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің қарсаңында құрылған Кампанияның мақсаты мен міндеттері жайында және «Өз статусыңды біл» ұранының мағынасы оқушыларға жеткізілді. Сонымен қатар Жастар денсаулық орталығының маманы жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

№35 мектеп оқушыларына АИТВ туралы

06.112018ж. «Жасөспірімдердің жыныстық жетілуінде АИТВ білімінің қажеттілігі» тақырыбында №35-ші мектептің жоғары сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараны ұйымдастырғандар: мектеп директорының құқық жөніндегі орынбасары Жанадилов Н.Ш., Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогі Жакенова Р.Х., Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының маманы Сарыбаева Б.Б., мектеп медбикесі Пернебаева Г.К., мектеп инспекторы Байғанов А. Дөңгелек үстел АИТВ-ның алдын алу сауалдары төңірегінде жүргізілді. Жасөспірімдердің мінез-құлық әрекетінің анағұрлым қауіпсіз жолға бағытталуын қамтамасыз ету бүгінгі таңда АИТВ-ның таралуын тежеудің негізі болып табылатыны жөнінде мамандармен бір ауыздан айтылды.

АИТВ туралы оқушылардың біліктілігін арттырамыз

«АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында Тараз қ. №9-шы орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларына ЖИТС-қа қарсы күрес кампаниясының алдында 06.11.2018ж. іс-шара өткізілді. ЖИТС және АИТВ бойынша түсініктеме жұмыстарын Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Турана Мамедова жүргізді, сонымен қатар АИТВ-ның жұғу жолдарына, тест тапсыру жолдарына тоқталды. Туберкулез ауруының өзектілігі турпалы, алдын алу шараларына және аурудың белгілеріне облыстық туберкулез диспансерінің фтизиатр дәрігері Укуеев Нұрқасым толық мағлұмат берді. Жастар денсаулық орталығының психологі Утеутлеуова Перизат салауатты өмір салтын ұстану көптеген аурудың алдын алудың бірден бір жолы екендігін түсіндірді.

Талас ауданының педагогтарын АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша оқыту

Өкінішке орай, статистикалық көрсеткіштер ересектерді, жастар мен жасөспірімдерді, тіпті кіші жастағы балаларды да аямайтын АИТВ індетінің залалды әсерін біздің еліміз басынан кешіп отырғанын байқатады. АИТВ мен ЖИТС-ке қарсы дәрі жоқ жағдайда алдын алу білімін беруге үлкен рөл берілетіні белгілі. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары «Мектеп жағдайында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында Талас ауданының педагогтарына әдістемелік семинар-тренинг өткізді. Семинарға Талас ауданының 35 мектебінің педагогтары, психологтары, әлеуметтік педагогтары қатысты. Семинар облыстық білім беру басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспарының негізінде және аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен іске асты.

АИТВ бойынша Талас ауданының медициналық қызметкерлерін оқыту

АИТВ инфекциясы бойынша тұрғындарға кеңес жургізу семинар-тренингі Талас ауданының алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін медициналық қызметкерлері үшін өткізілді. Осы семинар ЖИТС орталығының және Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасынының Жол картасына сәйкес  орындалған. АИТВ-ның алдын алу бойынша тұрғындарға кеңес берудің негіздерімен ОАЕ, ОДА, ФАП, СП, МП қызметкерлері таныстырылды, тренингте кеңес беру дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. АИТВ-ның алдын алу мәселелерін игеру үшін «Қауіп шкаласы» атты тренинг жүргізілді, осы тренинг бойынша медициналық қызметкерлер жұқтыру қаупінің деңгейін ажырату білімін алды. 

«Аспара» колледжінің студенттеріне АИТВ туралы

» Жастардың репродуктивті денсаулығына АИТВ-ның әсері» тақырыбында колледж студенттеріне 31.10.2018ж. сабақ өткізілді. Адамның иммун тапшылық вирусының жас ағзаға тигізетін әсері жайында облыстық ЖИТС орталығының маманы Рахима Жакенова түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақтың маңыздылығы мен өзектілігі жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру. Өз еркімен шеше алмайтын сұрақтар туындаған кезде жастар орталығы мамандарына жүгінуге болатындығы жайлы әңгіме қозғалды. 

Жастар АИТВ-сыз өмірді қалайды

Тараз инновациялық-гумманитарлық университетінде 01.11.2018ж. 1-ші курс студенттеріне АИТВ туралы не білесіз атты кездесу өткізілді. Кездесуге Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы Рахима Жакенова, Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің маманы Тіленшиева Г., жаратылыстану факультеті деканының орынбасары Қайнар Абдибеков, «Жастар» жастар денсаулық орталығының мамандары Утеутлеуова П., Қалдыбай М. қатысты. Жастарға туберкулез мәселелері жөнінде, облыстық ЖИТС орталығының достық кабинеті туралы және тест тапсыру түрлері жайында, дәрігерлердің кеңесін алу, тексерілу және емделу туралы ақпараттар берілді.

Ертеңгі денсаулығың туралы бүгін ойлан

«Ертеңгі денсаулығыңды бүгін ойла» тақырыбында №1 «Жанұя» емханасында 26.10.2018ж. облысты0 конференция өткізілді. Жастармен жұмыс жүргізетін медициналық қызметкерлер келесі тақырыптарда сөйледі: Шондыбасова Д.М. – Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар гинекологі «Жасөспірімдер арасында түсік тастау және ерте жүктілік», Ходошвили А.М. – №1 ҚЕ акушері «Қыздар гигиенасы», Толепбергенов Н.Б. – №1 ҚЕ дерматологі «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар», Омарова А. – Облыстық ЖИТС орталығының психологі «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу». Жасөспірімдерде өздерінің денсаулығына деген жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру басты мәселе болып саналады.

АИТВ инфекциясы туралы білу – маңызды

«АИТВ инфекциясы туралы білу – маңызды» тақырыбында бес орта білім беру мектептерінің 8-11 сынып оқушыларымен Сарысу ауданының Саудакент ауылында 26.10.2018ж. кездесу өткізілді. АИТВ мәселелерінің өзектілігі туралы, салауатты өмір салтының маңыздылығы, АИТВ жұқтыру қауіптілігінің бар екендігі жөнінде облыстық ЖИТС орталығының маманы Рахима Жакенова баяндады. Инемен есірткі тұтынудың аяғы түрлі инфекцияларға оның ішінде жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға, туберкулез сонымен қатар АИТВ-ға әкелетіні анық. Профилактика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова АИТВ-ның таралу жолдары және оның алдын алу шараларына тоқталды. Оқушылар үшін маңызды білім –  оларда өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып саналады.