«АИТВ инфекциясы туралы білу – маңызды» тақырыбында бес орта білім беру мектептерінің 8-11 сынып оқушыларымен Сарысу ауданының Саудакент ауылында 26.10.2018ж. кездесу өткізілді. АИТВ мәселелерінің өзектілігі туралы, салауатты өмір салтының маңыздылығы, АИТВ жұқтыру қауіптілігінің бар екендігі жөнінде облыстық ЖИТС орталығының маманы Рахима Жакенова баяндады. Инемен есірткі тұтынудың аяғы түрлі инфекцияларға оның ішінде жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға, туберкулез сонымен қатар АИТВ-ға әкелетіні анық. Профилактика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова АИТВ-ның таралу жолдары және оның алдын алу шараларына тоқталды. Оқушылар үшін маңызды білім –  оларда өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып саналады.