73928 әскери бөлімінде ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күніне орай семинар-тренинг өткізілді. Семинар медициналық қызмет басшыларына арналып өткізілді, ары қарай әр басшымен өз әскери бөлімінде ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Қорғаныс Министрлігіне қатысты бөлімдерден басқа ҰҚК мен авиация бөлімдері де шақыртылды. АИТВ/ЖИТС жөнінде білім деңгейлеріне семинардан бұрын және семинардан кейін сауалнама, «Қауіп шәкілі», «Құпиялылық», «Даулы пікірлер» тренингі жүргізілді. ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайдан басқа да өзекті мәселелер қаралды. Еске алу күнінің мақсат-міндеттері түсіндірілді. Ақпараттық-білім беру материалдары (бүктемелер, плакаттар) таратылды.
Жаңалықтар
Оқушыларға арналған онлайн-дәріс
Жамбыл облысы әкімдігі Білім беру басқармасының баспасөз орталығында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогы Р.Жакеновамен ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күніне орай онлайн-дәріс өткізілді. Еске алу күнінің мақсат-міндеттері мен АИТВ-ның таралу жолдары мен алдын алу шаралары жайында айтылды. 137 мектеп, 4000 астам білім алушы қамтылды.
«Есімізде! Білеміз! Жеңеміз!»
18 мамырда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күніне орай облыстық акция өткізілді. Акцияға облыстық БАҚ, денсаулық сақтау, білім беру басқармаларының, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ өкілдері, спортшылар және АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалар. Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Мазимбаев Марат жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спорт пен өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізуге шақырды. Облыстық филармонияның әншісі, «Парасат» және жоғары политехникалық колледж білімгерлері музыкалық тартулар сыйлады. Өздерінің жеке өмірбаяндарымен АИТВ-мен өмір сүретін екі адам сөз сөйледі.
Сотталушыларға арналған АИТВ жайында дәріс
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы УЖД 158/7 қылмыстық-түзету жүйесінің мамандарымен бірлесіп, ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күніне орай дәріс оқыды. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Когай Виктор «Қызыл лента» жайында – осы күннің белгісі ретінде, осы күннің мақсат-міндеттері жайында айтты. Медициналық қызмет басшысы әділет капитаны Асанов Б.Е. сотталушыларды АИТВ-ның алдын алу шаралары жайында ақпараттандырды. «Есімізде! Білеміз! Жеңеміз!» атты бейне баян көрсетіліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Бақытты, дені сау отбасы
«Болашақ» медициналық колледжінде «Бақытты, дені сау отбасы» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріске облыстық ЖИТС орталығының мамандары, «Жігер» жастар денсаулық орталығы, гинеколог дәрігерлер, социологтар қатысты. Қызыл лента тарихын, таралу жолдары мен алдын алу шаралары жайында эпидемиолог дәрігер Кулбаева С.Ж. айтты. ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күнінің мақсат-міндеттері жайында айтылды. Алға қойған мақсаты бар, аурулардың, жоспардан тыс немесе қалаусыз жүктіліктің алдын алып отырған әрбір отбасы бақытты. Гинекологтар мен социологтар түсік тастаудың алдын алу және оның салдары, репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелерін сөз етті. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Есімізде! Білеміз! Жеңеміз!
2018 жылдың 15 мамырында Тараз қаласы ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күніне орай флеш-моб ұйымдастырылды. Іс-шараға Жамбыл медициналық колледжінің 30 білімгері қатысты. Облыс халқына арналған іс-шара Жамбыл облыстық ЖИТС орталығымен және медициналық колледж басшылығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Саябаққа келушілерге шарлар мен ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Қылмыстық-түзету жүйесі Департаментімен жұмыс
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-түзету жүйесі Департаментінің (ҚТЖД) медициналық қызмет мекемелерінің қызметкрелерімен ЖИТС-тен қаза б олғандарды Халықаралық еске алу күніне орай семинар-жиналыс өткізілді. Семинар жұмысына ҚТЖД басшысының орынбасары әділет полковнигі Жапашева Б.Т., әділет капитаны Абдибай Е.М., санитарлық дәрігер Махмудов К.С. қатысты. Алға қойылған бірлескен міндеттер мен оларды шешу жолдары жөнінде мәселелер үкіметтік емес ұйымдармен және Жамбыл облыстық ЖИТС орталығымен талқыланды. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Когай Виктор пенитенциарлық мекемелердегі АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтса, инфекцияонист дәрігер Байдаулетова Гульнар ЖД 158/1 мекемесінде тергеуге алынғандар мен тұтқындалғандарды АИТВ-ға тексеру және есепке алу жайында айтты. «Салауатты Өлке Жан Нұр» АҚ жұмысы туралы қордың директоры Арынбаева З.А. , сонымен қатар «Қызыл жартыай қоғамдастығының» директоры Тастемирова О.Т. ақпарат берді


АИТВ жөнінде радиобағдарлама
ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күніне орай «Zhambyl» радиоарнасынан тікелей эфирде бағдарлама берілді. Радиотыңдаушылардың барлық сауалдарына Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының социологы Бегманова Мереке жауап берді. Тараз қаласының тұрғындарын АИТВ-ның таралу жолдары, Жамбыл облысы бойынша АИТВ жұқтырылғандар саны, тест тапсыру түрлері, мұндай күнді атап өту қажеттілігі және тағы да басқа көптеген сұрақтар қызықтырды. 20 минуттық бағдарламаның ішінде тыңдаушылар мен журналист тарапынан 15-тен астам сұрақтар қойылды.
Хабарландыру
13 маусым күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам
министрі Дархан Кәлетаевтың халық алдындағы есептік кездесуі өтетіндігін хабарлайды.
Министр есептік кездесуінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өткен жылғы
атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ, есептік кездесу
барысында түскен халықтың сұрағына жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режімінде
сұрақ қоюлары үшін бейнеконференция байланыс жүйесі қамтамасыз етілетін болады.
Министрдің халық алдындағы есептік кездесуі тікелей эфир арқылы www.bnews.kz интернет-
порталында көрсетіледі.
Өтетін орны: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі 4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының
кино-концерт залы.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметіне қатысты сауалдар мен ұсыныстарды
тұрғындар k.kense@diakom.gov.kz электрондық поштасына немесе
8 (7172) 74-18-48, 8 (7172) 74-18-68 телефонына хабарласу арқылы тікелей жолдай алады.
Жастар. АИТВ. Ерте жастағы жүктілік.
2018 жылдың 11 мамырында Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің 1-2 курс білімгерлерімен «Ерте жастағы жүктілік мәселелері және жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу ұйымдастырушылары педагог социолог Калиева К.Б. және педагог психолог Есболова Г.А. ерте жастағы жүктілік мәселелері, психо-эмоционалдық күйзелістердің ағзаға әсері, ата-аналар мен құрбы-құрдастарының арасындағы өзара қарым-қатынас, оқуы мен жалпы болашағына тигізетін ықпалы жайында ақпарат берді. Жамбыл облыстық ЖИТС ортлаығының педагогы Жакенова Рахима жыныстық қатынастың ерте жастан басталуы, жыныстық серіктесті жиі алмастыру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), АИТВ жұқтыру қауіп-қатерлері айында мағлұмат берді. «Жастар» жастар денсаулық орталығының мамандары (гинеколог Калдыбай М., психолог Жаркимбекова А., социальный работник Акылбекова А.) ЖЖБИ аурулары жайында, салауатты өмір салтын ұстану, есірткінің зияны туралы айтты.