Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Оқушылар арасында АИТВ бойынша алдын алу жұмысы

Тараз қаласының № 9 орта мектебінде «Жастар арасында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима 11 сынып оқушыларымен АИТВ-ның алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізді. Кездесу «Сұрақ-жауап» түрінде өтті, әрбір оқушы өзін қызықтырған сауалдарға жауап алды. АИТВ мен ЖИТС-тың айырмашылығы неде, таралу жолдары мен алдын алу шаралары, тест тапсыру түрлері жайында толық мағлұмат берілді. АИТВ-мен өмір сүретін тұлғаларды кемсітушілік жайында әңгіме қозғалды. Таңбалау мен кемсітушілік туралы бейнебаян көрсетілді. Кездесу соңында директордың алдын алу және құқық бұзушылық жөніндегі орынбасары Нұрпейісова Аида есірткінің зияны мен оның денсаулыққа әсері, әсіресе АИТВ-инфекциясын жұқтыру себебі болып табылатыны жайында сөз қозғады.

 

Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы

28 ақпан күні Жамбыл облыстық ауруханасында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігері Цзи Александр Сергеевич “Емдеу мекемелерінде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру” тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингте “Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына қатысты мәселер қозғалды. Эпидемиолог дәрігер қанның не үшін тексеріліп, алатыны туралы түсінік берді. Кез келген адамның жеке гигиенасына аса жауапкершілікпен қарауы АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуға мүмкіндік туғызады. Нацуқастың АИТВ-ға ақпараттылығы АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Сұхбат соңында АИТВ-статусы бар белгісіз тұлғалармен жыныстық қатынаста болған адамдардан бірнеше сауалдар болды. Қанағаттанарлық жауаптар алынды. АИТВ-диссиденттеріне қатысты әңгімелер қозғалды.

Туберкулез және АИТВ-індеті

23.02.2018ж. 158/1 УЖД мекемесінде “Туберкулез және АИТВ-індеті” тақырыбында семинар өткізілді.

Жамбыл облысы бойынша ТЖБД басшысының орынбасары әділет полковнигі Жапашева Баглан Турановна, медицина қызметкерлері қатысты. Дәрістерді облыстық ЖИТС орталығының дәрігері Байдаулетова Гульнара Тортаевна және ОТҚД мониторинг және бағалау тобының басшысыОмарбекова Акмарал Косембековна оқыды. Дәріс тақырыбы АИТВ-жұқтырылғандарда туберкулездің өту ерекшеліктері, тексерілу тәртібі және 12.05.2017ж. № 21 диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес емдеу әдісі турасында өрбіді, сонымен қатар ҚР ДС және ӘДМ м.а. 22.08.2014ж. № 19 “Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы” Бұйрығының негізгі қағидаларына тоқталып, бекітілді. Тыңдаушылар АИТВ мен туберкулез бойынша бұйрықтар мен хаттамалардың тәжірибе жүзінде орындалуына қатысты бірқатар сауалдар қойып, кейбір өзекті мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Болашаққа көзқарас

ЖИТС орталығының өкілдері, “Темірқазық” АҚ-ның еріктілері, жастар мәслихатының депутаттары және полиция қызметкерлері № 48 орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

2018 жылдың 20 ақпан күні Тараз қаласының № 48 орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен “Болашаққа көзқарас” атты кездесу өтті. “Темірқазық” АҚ-ның еріктісі Еркін Абдиев ҚР Президенті Н.Назарбаев Жолдауының жетінші міндеті туралы – білім берудің жаңа сапасы, математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту, жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты жайында айтып өтті.

Қалалық мәслихаттың жастар бөлімінің депутаты Аңсар Рахымбай жастарды зерттеу жұмыстарына шақырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру қажеттілігі жайында айтты.

Полиция капитаны Айбол Меймашов сыбайлас жемқорлық және онымен күресу ұғымын түсіндіре отырып, жастардың моральдық-адамгершілік тәрбиесіне баса назар аударды.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының социологы Бегманова М.С. АИТВ және ЖИТС ұғымдарына жалпы мағлұмат беріп, оқушылардың өз іс-әрекеттеріне аса жауапкершілікпен қарау қажеттігі және әр адамның өз болашағы – өз қолында екенін түсіндірді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеубердиева К.М. оқушыларға оқудың жаңа әдістерін меңгеруде сәттіліктер тіледі.