Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Оқушылар арасында АИТВ бойынша алдын алу жұмысы

Тараз қаласының № 9 орта мектебінде «Жастар арасында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима 11 сынып оқушыларымен АИТВ-ның алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізді. Кездесу «Сұрақ-жауап» түрінде өтті, әрбір оқушы өзін қызықтырған сауалдарға жауап алды. АИТВ мен ЖИТС-тың айырмашылығы неде, таралу жолдары мен алдын алу шаралары, тест тапсыру түрлері жайында толық мағлұмат берілді. АИТВ-мен өмір сүретін тұлғаларды кемсітушілік жайында әңгіме қозғалды. Таңбалау мен кемсітушілік туралы бейнебаян көрсетілді. Кездесу соңында директордың алдын алу және құқық бұзушылық жөніндегі орынбасары Нұрпейісова Аида есірткінің зияны мен оның денсаулыққа әсері, әсіресе АИТВ-инфекциясын жұқтыру себебі болып табылатыны жайында сөз қозғады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған