Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Оқыту семинары «АИТВ және ілеспе аурулармен өмір сүретін адамдарды емдеу мәселелері» 16.05.2025г.

16.05.2025 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасында «АИТВ және ілеспе аурулармен өмір сүретін адамдарды емдеу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).

42 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Сметова К.Е. өткізді. Сертификат нөмірлері 504-ден 545-ге дейін.

Тараз қаласы ПБ 2-полиция бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру шарасы өтті

Тараз қаласы ПБ 2-полиция бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру шарасы өтті

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы  Тараз қаласы Полиция басқармасы 2-полиция бөлімінің қызметкерлеріне АИТВ (Адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық іс-шара ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру, қауіпсіздік шараларын сақтау жолдарын түсіндіру және стигма мен кемсітушіліктің алдын алу болды. Іс-шара барысында мамандар АИТВ-ның таралу жолдары, қорғану әдістері және ерте анықтаудың маңызы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, 87 полиция қызметкерлерінің өз еркімен қатысуымен ИФТ (иммуноферменттік талдау) әдісі арқылы қан үлгілері алынды. Бұл тексеру АИТВ-ның ерте кезеңде анықталуына көмектесетін тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Шара соңында қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу, оны емдеу, сондай-ақ вируспен өмір сүру сапасын арттыру туралы мәліметтер қамтылған ақпараттық бүктемелер мен жадынамалар таратылды. Мұндай шаралар қызметкерлердің медициналық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы АИТВ-ға байланысты жағымсыз көзқарасты азайтуға септігін тигізеді.

Оқыту семинары «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ қатысты стигма және кемсітушілік» 15.05.2025 ж.

15.05.2025 жылы Сарысу аудандық көпбейінді орталық ауруханасында «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ қатысты стигма және кемсітушілік» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Жол картасы шеңберінде Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған семинар өтті (ҚР ДСМ 16.03.2023 ж. т. № 155 бұйрығы).

Семинарды Жамбыл ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологы И.И. Дегтерева семинар АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің негізгі аспектілерін қарастырды. АИТВ  байланысты стигма және денсаулық сақтау мекемелеріндегі кемсітушілік АИТВ қарсы кешенді, сапалы көмек көрсетудің негізгі кедергісі ретінде.

Медициналық мекемелердегі нақты жағдайлардың мысалында АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигманың салдары. Медицина қызметкерінің кәсіби ортада стигма мен кемсітушілікті төмендету жолдары анықталды. Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Семинар-тренингке 43 Талас аудандық көпбейінді орталық ауруханасыңын медицина қызметкерлері қатысты. Сертификат нөмірлері 594-дан 636-ке дейін.

 

Оқыту семинары «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ қатысты стигма және кемсітушілік» 13.05.2025 ж.

13.05.2025 жылы Сарысу аудандық көпбейінді орталық ауруханасында «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ қатысты стигма және кемсітушілік» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Жол картасы шеңберінде Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған семинар өтті (ҚР ДСМ 16.03.2023 ж. т. № 155 бұйрығы).

Семинарды Жамбыл ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологы И.И. Дегтерева семинар АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің негізгі аспектілерін қарастырды. АИТВ  байланысты стигма және денсаулық сақтау мекемелеріндегі кемсітушілік АИТВ қарсы кешенді, сапалы көмек көрсетудің негізгі кедергісі ретінде.

Медициналық мекемелердегі нақты жағдайлардың мысалында АИТВ өмір сүретін адамдарға қатысты стигманың салдары. Медицина қызметкерінің кәсіби ортада стигма мен кемсітушілікті төмендету жолдары анықталды. Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Семинар-тренингке 30 Сарысу аудандық көпбейінді орталық ауруханасыңын медицина қызметкерлері қатысты. Сертификат нөмірлері 564-дан 593-ке дейін.

Оқыту семинары «АИТВ және ілеспе аурулармен өмір сүретін адамдарды емдеу мәселелері» 14.05.2025г.

14.05.2025 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасында «АИТВ және ілеспе аурулармен өмір сүретін адамдарды емдеу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).

30 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Сметова К.Е. өткізді. Сертификат нөмірлері 474-ден 503-ге дейін.

АИТВ бойынша ақпараттандыру және алдын алу шараларына арналған оқыту семинары өтт

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бастамасымен Талас аудандық орталық ауруханасында медицина қызметкерлеріне арналған тақырыптық оқу семинары ұйымдастырылды.
🔹Семинарда дәрігер К. Сметова «АИТВ-ның диагностикасы, алдын алу жолдары, емдеу тәсілдері және онымен қатар жүретін аурулар» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, жұқпаның берілу жолдары, ерте анықтаудың рөлі мен қазіргі заманғы емдеу мүмкіндіктері жайлы толыққанды мәлімет берді.
✅Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Семинардың негізгі мақсаты – өңірде АИТВ-ның таралу қаупін төмендету және медициналық қауымдастықтың аталған инфекция жөніндегі сауаттылығын арттыру.

«Отбасын жоспарлау» жайында ашық диалог жүргізілді

Тараз политехникалық колледжінде студенттерге мазмұнды шара ұйымдастырылды. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары – психолог М.Бегманова мен мейірбике Б.Салменбаева студенттермен «Отбасын жоспарлау» жайында ашық диалог жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға арнайы видеороликтер көрсетіліп, қызықты тренингтер ұйымдастырылды. Шара мақсаты – жастардың репродуктивті денсаулығы туралы түсінігін тереңдету және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға үндеу.

Мамандар ерте жыныстық қатынастың салдары, АИТВ және басқа да жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу жолдарын кеңінен түсіндірді.

Айта кетейік, мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алудың халықаралық күні екенін еске салып, жастарды денсаулықты сақтауға және қоғамда белсенді болуға шақырды.

Студенттерге маңызды дәріс  оқылды

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде студенттерге арналған танымдық іс-шара өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері С. Дулатбаеважәне мейірбике Г.Иманбаева жас ұрпаққа «Отбасын жоспарлау» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.

Кездесу барысында қатысушыларға арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Дәрісте болашақ медицина қызметкерлеріне ұрпақты болу денсаулығының мәні мен оның адамның өмір сапасына тигізетін ықпалы кеңінен айтылды.

Сонымен қатар, жастарға жыныстық қатынасты ерте бастаудың қауіпті жақтары, АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралу жолдары және олардың алдын алу жолдары жайында жан-жақты ақпарат берді.

Шара аясында мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу Халықаралық күні екенін атап өтті.

Жастарға арналған семинар

 

🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы Жамбыл инновациялық колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, “Салауатты ұрпақ – 2025” тақырыбында ақпараттық семинар ұйымдастырды.
🔹 Семинардың мақсаты – жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау, жыныстық жолмен жұғатын аурулар мен АИТВ-ның алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
🔹 Психолог маман Г. Шамурзаева АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану шаралары, стигма мен дискриминация тақырыптарында ақпарат берді. 18 мамыр – ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күні екені айтылды.

Жастардың репродуктивті сауатын арттыру жолында

🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері И. Досымова Тараз темір жол көлігі және коммуникациялар колледжінің студенттеріне арнап «Отбасын жоспарлау» тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Шара барысында жастарға бейнероликтер көрсетіліп, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Дәріс кезінде студенттерге репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы мен оның өмір сапасына әсері жан-жақты түсіндірілді.
🔹 Облыстық ЖИТС орталығының маманы жастарға жыныстық қатынасқа ерте түсудің салдарлары мен АИТВ, ЖЖБИ жұқтырудың алдын алу шараларын кеңінен түсіндірді. Іс-шара аясында өз еркімен ниет білдірушілерден экспресс-тест алынып, ақпараттық материалдар таратылды.
🔹 Мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні екенін еске салып, жастарды індетке қарсы күресте бірлікке шақырды.