Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Дені сау ұрпақ – ел болашағының кепілі!

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз-Ғасыр колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шара аясында “Салауатты ұрпақ – 2025” тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
🔹Семинардың негізгі мақсаты – жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) мен адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) алдын алу жөнінде кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
🔹Іс-шара барысында орталық психологтары Г.Шамурзаева мен М.Бегманова студенттерге АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, стигма мен кемсітушілік мәселелері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, 18 мамыр -ЖИТС салдарынан қаза тапқандарды еске алу халықаралық күні екені атап өтілді.
✅Кездесуде студенттер мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

алауатты ұрпақ – 2025: Жастар арасында маңызды ақпараттық дәріс өтті

🔹Тараз қаласының білім бөлімінің №38 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог мамандары Г.Шамурзаева және М.Бегманова жоғарғы сынып оқушыларына дәріс өткізді. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс әрі нақты ақпарат беру, инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білімдерін арттыру болды.
🔹Дәріс барысында психолог мамандары ң оқушыларға АИТВ инфекциясы туралы негізгі мәліметтерді ұсынып, адам ағзасына әсері және жұғу жолдары туралы жан-жақты түсіндірме жасады. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясынан қорғану жолдары мен алдын алу тәсілдері туралы маңызды ақпарат берілді.
🔹Кездесу кезінде бейнебаян көрсетіліп, арнайы дайындалған ақпараттық бүктемелер таратылды. Бұл оқушылардың тақырыпты тереңірек түсінуіне септігін тигізді.
🔹Г. Шамурзаева 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні екенін атап өтіп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбы қозғалып, әр адамға құрметпен қарау, адамгершілік құндылықтарды сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

АИТВ-инфекциясының алдын алу жән емдеу жолдары туралы семинар өтті

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының ұйымдастыруымен Сарысу аудандық орталық ауруханасында тақырыптық семинар өтті.
🔹Семинар барысында дәрігер К. Сметова «АИТВ-инфекцияны диагностикалау, алдын алу, емдеу. АИТВ-инфекция және қатар жүретін аурулар» тақырыбында кеңінен баяндап, қатысушыларға инфекцияның таралу жолдары, ерте диагностиканың маңызы, алдын алу шаралары және заманауи емдеу тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді.
✅Іс-шараға қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап алып, тәжірибе алмасты. Семинардың басты мақсаты – аймақта АИТВ-инфекциясының таралуын азайту, халықтың және медицина қызметкерлерінің аталған ауру туралы білімін арттыру.

 

🔰Сарысуда ауданында АИТВ бойынша семинар-тренинг өтті

🔹Сарысу аудандық орталық ауруханасында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты — мамандардың біліктілігін арттыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
🔹Семинарда эпидемиолог-дәрігер И. Дегтерева АИТВ туралы қате түсініктер мен стереотиптерді жою жолдары жөнінде түсіндіру жұмысарын жасады. Ол нақты клиникалық мысалдар арқылы стигманың зиянына тоқталып, медицина қызметкерлеріне адам құқығын сақтау мен этикалық қағидаларды ұстанудың маңыздылын айтты.
🔹Іс-шара барысында АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушілік түрлері, олардың себептері мен шешу жолдары талқыланды. Қатысушылар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға сапалы әрі тең медициналық көмек көрсетуге кедергі келтіретін факторларды жою жайлы пікір алмасты.
✅Семинар соңында сұрақ-жауап бөлімі өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Салауатты ұрпақ – 2025: АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті

🔹Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Тараз қаласындағы филиалында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы мамандарының қатысуымен ақпараттық-семинарлық кездесу өтті. ​Іс-шараға орталықтың эпидемиолог-дәрігері С. Дулатбаева мен психолог маманы М. Бегманова қатысып, жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) туралы кеңінен ақпарат берді.
🔹Семинар барысында мамандар қатысушыларға репродуктивті денсаулықтың маңыздылығын, оның адамның жалпы өмір сапасына және болашақ отбасылық өміріне тигізетін әсерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, жыныстық қарым-қатынасқа ерте жастан түсу салдарлары, әсіресе, психологиялық және медициналық тұрғыда мысалдар келтірілді.
🔹Психолог маман М. Бегманова жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, саналы таңдау жасау қажеттігі туралы сөз қозғап, сенімді қарым-қатынас пен өзін-өзі бағалаудың маңызын атап өтті. Ал, дәрігер-эпидемиолог С. Дулатбаева АИТВ инфекциясының таралу жолдары, одан қорғану әдістері және дер кезінде тексерілудің қажеттілігі туралы толық ақпарат берді.
✅Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі жан-жақты жауаптар алды.

236 педагогке АИТВ және ЖЖБИ-дың алдын алу бойынша онлайн дәріс оқылды

🔹Репродуктивті денсаулық апталығына орай Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог-дәрігері С. Дулатбаева мен психолог маманы М. Бегманова Zoom платформасы арқылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесе отырып, қала және аудан мектептерінен қатысқан 236 педагог-психолог пен сынып жетекшілеріне АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша онлайн танымдық дәріс өткізді. Іс-шараға барлығы 118 мектеп қамтылды.
🔹Дәріс барысында қатысушыларға репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы және оның адамның өмір сапасына әсері жан-жақты түсіндірілді. Орталық мамандары жастар арасында жыныстық қатынасқа ерте түсудің жағымсыз салдарлары мен АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу жолдарын кеңінен баяндады.

Салауатты ұрпақ – 2025: Білімді жастар- қауіпсіз болашақ

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маманы М.Бегманова «Асыл дизайн» колледж студентеріне «Отбасын жоспарлау» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттерге репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы мен оның өмір сапасына әсері жан-жақты түсіндірілді.
🔹Облыстық ЖИТС орталығының маманы жастарға жыныстық қатынасқа ерте түсудің салдарлары мен АИТВ, ЖЖБИ жұқтырудың алдын алу шараларын түсіндіріліп, ақпараттық материалдар таратылды.
🔹Мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні екенін еске салып, жастарды ЖИТС- ке қарсы күресте бірлікке шақырды.
🔹Іс-шара соңында орталықтың мейірағасы Р.Қуанышбеков ниет білдірген студенттерден жедел тест алды.
✅Бұл апталық – жастардың репродуктивті сауаттылығын арттырып, оларды физикалық, психологиялық және әлеуметтік жағынан қолдауға бағытталған маңызды қадам.

Салауатты ұрпақ – 2025: Байзақ аудандық орталық емханасында семинар өтті

🔹2025 жылдың 13 мамарында репродуктивті денсаулық апталығы аясында Байзақ аудандық орталық емханасының қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды.

🔹 Семинар барысында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері И. Досымова қатысушыларға халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау, инфекциялық аурулардың алдын алу, отбасын жоспарлау және жауапты ата-аналық мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹 Сондай-ақ, 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні екенін еске салып, жұқпалы аурулардың алдын алу жолында бірлесіп әрекет етудің маңыздылығына тоқталды.
✅ Бұл іс-шаралар медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен қатар, халық денсаулығын сақтау жолында жүйелі жұмыстардың жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Салауатты ұрпақ – 2025: Әйелдерге арналған семинар-кеңес өткізілді

🔹Репродуктивтік денсаулық апталығына орай Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова Байзақ аудандық орталық емханасында “Әйелдер денсаулығы“ тақырыбында жүкті әйелдерге арналған семинар-кеңес өткізді. Іс-шараға болашақ аналар мен акушер-гинеколог мамандары қатысты.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, әйелдердің ұрпақты болу жүйесі туралы хабардарлығын арттыру, тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығын түсіндіру және өмірдің барлық кезеңінде өзін-өзі күту мәдениетін қалыптастыру.
🔹Семинар барысында И. Досымова АИТВ инфекциясының таралу жолдары, жұқтыру қауіпі, алдын алу шаралары және жүктілік кезіндегі ананың денсаулығын бақылаудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, ол ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін ерте диагностика мен тұрақты тексерулердің маңызды екенін ерекше атап өтті.
🔹Шара барысында Байзақ аудандық емханасының гинеколог маманы М. Қожахмет әйелдерге жүктіліктің алдын ала жоспарлануы, өмір салтын дұрыс ұстану, тамақтану тәртібі, қажетті дәрумендерді қабылдау жөнінде нақты дәрігерлік кеңестер берді. Сонымен қатар ол әрбір әйелдің денсаулығы – болашақ ұрпақтың саулығының кепілі екенін тілге тиек етті.
✅Семинар соңында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан нақты жауаптар мен кеңестер берілді.

🔰Жастар – жарқын болашақ кепілі

2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында елімізде репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Осы апталық аясында Байзақ ауданында жастардың денсаулығын нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері И.Досымова Байзақ ауданының колледж студенттеріне арнап «Отбасын жоспарлау» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Шара барысында жастарға бейнероликтер көрсетіліп, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Дәріс барысында студенттерге репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы мен оның өмір сапасына әсері жан-жақты түсіндірілді.
🔹Гинеколог маман М.Қожахмет және Жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Ж.Мырзаева апталықтың негізгі мақсатын түсіндіріп, жастар арасында жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтті.
🔹Сондай-ақ, «Байзақ» жастар денсаулық орталығының психологы А.Смағұлова психоэмоционалды жағдайды тұрақтандыруға бағытталған тренингтер өткізіп, студенттердің өз денсаулығына деген саналы көзқарасын қалыптастыруға үлес қосты.
🔹Облыстық ЖИТС орталығының маманы жастарға жыныстық қатынасқа ерте түсудің салдарлары мен АИТВ, ЖЖБИ жұқтырудың алдын алу шараларын түсіндірді. Іс-шара аясында өз еркімен ниет білдірушілерден экспресс-тест алынып, ақпараттық бүктемелер таратылды.
🔹Мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні екенін еске салып, жастарды ЖИТС -ке қарсы күресте бірлікке шақырды.
✅Бұл апталық – жастардың репродуктивті сауаттылығын арттырып, оларды физикалық, психологиялық және әлеуметтік жағынан қолдауға бағытталған маңызды қадам.