Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз-Ғасыр колледжінің студенттеріне АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті

🔹Бұл іс-шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясының таралуын алдын алу, дұрыс ақпарат беру және зиянды әдеттер мен қауіптерден сақтануға шақыру.
🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева студенттерге АИТВ жұқпасының жолдары, оның белгілері мен инфекцияның алдын алу тәсілдері туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, жастарға қауіпсіз өмір салтын ұстану, сақтану құралдарын қолдану және АИТВ туралы дұрыс түсінік қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

✅ Дәрісте АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен олардың қоғамда толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау қажеттілігі туралы да сөз қозғалды.

АИТВ/ЖИТС және ерте жүктілік туралы дәріс өтті

🔰ЖИТС орталығының мамандары, психолог М.Бегманова, №5 қалалық емхананың “Жастар денсаулық орталығы” гинеколог дәрігері А.Рустембекова студент қыздарға дәріс өткізді.
🔹Кездесу барысында “АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу” және “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыптары бойынша дәрігерлер мен психологтар жасөспірімдермен ашық пікір алмасты.
🔹Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірім қыздарға психологиялық кеңес беру, сондай-ақ оларды маңызды мәселелер бойынша ақпараттандыру болды.
ЖИТС орталығының маманы М.Бегманова жасөспірімдерге АИТВ инфекциялардың алдын алу, қауіпсіз жыныстық қатынас, денсаулықты қорғау бойынша өз кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша гинеколог А.Рустембекова жас қыздардың ағзасының ерекшеліктерін түсіндіріп, денсаулығын сақтаудың және болашақта ауыр салдардан сақтанудың жолдарын айтты.
Дәріс барысында қыздар өздерін толғандыратын мәселелермен бөлісіп, мамандардан кеңес алды.

№23 орта мектебінде АИТВ туралы тәрбиелік дәріс өтті

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г.Шамурзаева Тараз қаласының білім бөлімінің №23 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы маңызды дәріс берді.
🔹Дәрістің негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларына АИТВ мәселесі жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың білім деңгейін арттыру және АИТВ инфекциясының таралуына қарсы дұрыс түсінік қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушыларға АИТВ инфекциясынан қорғану жолдары, оның берілу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндірілді.
Сондай-ақ оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратылды.
✅Бұл іс-шара жастар арасында өз денсаулықтарына деген жауапкершілікті арттыру және АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында маңызды қадам болып табылады.

АРНАЙЫ ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының Клинико-диагностикалық зертханасының меңгерушісі, тәжірибелі маман В.Каримова орталық қызметкерлеріне «АИТВ инфекциясына жедел тест қолдану арқылы тестілеу» және «Құрғақ капиллярлық қан тамшысын алу, сақтау және жеткізу» тақырыбы бойынша арнайы оқыту жұмыстарын жүргізді.
🔹Оқыту барысында Венера Мейрхановна әріптестеріне жедел тестілеудің маңызды тұстарын атап өтті, соның ішінде тесті дұрыс алу тәртібі, сынамалармен жұмыс істеу ережелері мен лабораториялық құрал-жабдықтарды қолдану жөніндегі маңызды кеңестер берді. Сонымен қатар, диагностикалық қателіктердің алдын алу және дұрыс нәтижелерге жету үшін қандай шаралар қолданылуы керектігі жөнінде түсіндірілді.
✅Бұл оқыту шарасы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, облыстағы АИТВ жұқпасының алдын алу және ерте диагностикалауға бағытталған жұмысты жетілдіруге мүмкіндік береді.

Спортшылармен дөңгелек үстел өтті

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы М. Бегманова мен мейірбике А. Оракова Жекпе-жек спорт клубында және облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹Әртүрлі спортшылар қатысқан дөңгелек үстел барысында АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары мен сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді. Кездесу соңында қатысушылар өз еріктерімен жедел тест тапсырып, өздерінің АИТВ мәртебесін анықтады.
✅Бұл шаралар жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандыруды арттыру және алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында ұйымдастырылды.

Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды

Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.

Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады. Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа да фактілер бойынша өтініш жіберуге болады.

Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.