2025 жылғы 26 қыркүйекте Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында кәсіподақ комитетінің есеп беру жиыны өтті.
Жиында Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының кәсіподақ комитетінің төрайымы Л.Сатмаханова «2023 жылғы қараша айынан бастап, 2025 жылғы 25 қыркүйекке дейінгі аралықтағы атқарылған жұмыстар» бойынша есеп берді. Есеп барысында ұжым мүшелерінің әлеуметтік құқықтары мен еңбек мүдделерін қорғау, корпоративтік мәдениетті дамыту, ұжымдық келісімшарттың орындалуы, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен материалдық көмек көрсету мәселелері қамтылды.
Кәсіподақ жұмысының нәтижесі ретінде қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру бағытында бірқатар шаралардың іске асқаны атап өтілді.
Одан кейін орталық қызметкерлері – А.Кабанбаева, А.Науанова және А.Аубакирова зейнеткерлікке шығуына орай әріптестері мен басшылық тарапынан құрметке бөленді.
Ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Г. Калметова зейнеткерлерге жылы лебізін білдіріп, көп жылғы адал еңбектері үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ орталықтың бөлім меңгерушілері де сөз алып, ардагер әріптестерінің кәсіби шеберлігі мен адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтіп, шын жүректен шыққан құттықтауларын жеткізді.
Бейнегалерея
“ALEM” кәсіби білім беру колледжінде маңызды дәріс өтті
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары колледж студенттерімен кездесті.
Эпидемиолог дәрігер С. Дулатбаева мен психолог М. Бегманова жастарға АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Олар аурудың жұғу жолдары, қорғану шаралары, емделу мүмкіндіктері мен қоғамдағы стигма мәселелерін кеңінен түсіндірді.
Дәріс барысында:
▫️ ақпараттық бүктемелер таратылды
▫️ бейнесуреттер көрсетілді
▫️ студенттердің сұрақтарына жауап берілді
Мамандар ЖИТС орталығында тегін әрі анонимді түрде тест тапсыруға болатынын да ерекше атап өтті.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мамандары колледж студенттерімен кездесіп, АИТВ инфекциясы туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.
Психолог мамандар М. Бегманова мен Г. Шамурзаева:
* АИТВ қалай жұғады және жұқпайды?
* Қалай қорғануға болады?
* АИТВ-пен өмір сүру мүмкін бе? деген сұрақтарға нақты жауап берді.
Студенттер өздерінің сауалдарын қойып, пайдалы ақпарат алды.
Ақпараттық материалдар таратылып, тестілеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Айта кетейік, әр азамат Жамбыл облыстық ЖИТС орталығына барып, АИТВ-ға тегін және анонимді түрде тест тапсыра алады. Бұл — өз денсаулығыңа деген алғашқы қадам!
Жастарға АИТВ туралы маңызды ақпарат берілді

🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз мамандандырылған колледжінің медицина факультеті студенттерімен ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу, ақпараттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
🔹 Семинарға эпидемиолог дәрігер С. Дулатбаева, психолог маман Г. Шамурзаева және мейірбике А. Кокибаева қатысып, АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Олар аурудың жұғу жолдары, қорғану шаралары, емделу мүмкіндіктері мен қоғамдағы стигма мәселелерін кеңінен түсіндірді. Мамандар жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндеді.
🔹 Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, АИТВ-дан қорғанудың тиімді жолдары түсіндірілді.
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша семинар-тренинг өтті

2025 жылғы 23 қыркүйекте Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында «Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық актілер. АИТВ-ке тестілеу қағидалары. №2 нысан. АИТВ-инфекциясының және кәсіби жұқтырудың алдын алу. Апатты жағдайлар. АИТВ-инфекциясына байланысты байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактика» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар екі негізгі блокта өтті: Хирургиялық блок және соматикалық блокта.
Семинардың негізгі мақсаты – АИТВ/ЖИТС инфекциясының таралуын болдырмау, кәсіби жұқтырудың алдын алу, медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру және инфекцияның алдын алу шараларын кеңінен түсіндіру.
Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері И.Дегтерева мен дәрігер-инфекционист Г.Темірбекова жүргізді.
Семинар барысында келесі маңызды тақырыптар қамтылды: Қазақстан және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС эпидемиологиялық жағдайы; АИТВ инфекциясын анықтау мақсатындағы тестілеу қағидалары мен №2 есеп нысанын толтыру тәртібі;Медицина қызметкерлері үшін кәсіби қауіп төндіретін жағдайлар және апаттық оқиғалар кезінде әрекет ету ережелері;АИТВ-мен байланысты байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактика әдістері.
Жалпы қатысушылар саны – 144 медицина қызметкері.
«Тараз-Ғасыр» колледжінде АИТВ-ның алдын алу тақырыбында семинар ұйымдастырылды
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары «Тараз-Ғасыр» колледжінің білім алушыларымен АИТВ инфекциясының алдын алу жолдарын түсіндіруге арналған семинар өткізді.
Аталған шараға орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маман М. Бегманова қатысып, АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) туралы маңызды мәліметтермен бөлісті. Қатысушылар аурудың берілу жолдары, қорғану тәсілдері, емделу мүмкіндіктері, сондай-ақ қоғамда жиі кездесетін стигма мен кемсітушілік туралы кең көлемде ақпарат алды.
Мамандар жастарды денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу кезінде студенттер сауалдарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар ала алды.
Семинар барысында қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, АИТВ-дан қорғанудың тиімді жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, мамандар кез келген азамат Жамбыл облыстық ЖИТС орталығына анонимді түрде келіп, АИТВ-ға тегін тест тапсыра алатынын атап өтті. Бұл – ерте анықтау мен алдын алудың маңызды қадамы.
«Астана» колледжінің студенттеріне арналған АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар өтті
🔹Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары “Астана” колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Семинардың басты мақсаты — жастар арасында АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, оның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде ақпарат беру.
🔹Іс-шараға орталықтың психолог маманы М.Бегманова және мейірбике А.Кокибаева қатысты. Семинар барысында М.Бегманова АИТВ инфекциясының ерекшеліктері, жұғу және жұқпау жолдары, қорғану тәсілдері және стигмамен күрес туралы кеңінен баяндап, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауап берді.
✅Ал, мейірбике А.Қокыбаева семинар қатысушыларына АИТВ-ның алдын алу тақырыбындағы ақпараттық бүктемелер мен танымдық материалдар таратып, әрбір қатысушының өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауының маңызын атап өтті.
Тараз мамандандырылған колледжінде семинар өткізілді
Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз мамандандырылған колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, ақпараттандыру деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Семинарға эпидемиолог дәрігер С. Дулатбаева, орталықтың психолог мамандары М. Бегманова мен Г. Шамурзаева қатысып, АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, емделу мүмкіндіктері және стигма мен дискриминация мәселелері жайында жан-жақты мағлұмат берді.Мамандар жастарды жауапты әрекетке, өз денсаулығына мұқият қарауға шақырды.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ, қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, әрбір жас АИТВ-дан қорғанудың маңыздылығы мен жолдары туралы нақты әрі түсінікті ақпарат алды.
Кездесу жылы әрі еркін форматта өтті. Студенттер белсенділік танытып, АИТВ жайлы өз ойларымен бөлісті, жаңа әрі пайдалы мәліметтер алды.
Мәдениет үйінде жастарға семинар өтті
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, қалалық полиция және Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бірлесуімен Тараз қаласының барлық студенттері мен жастары үшін ақпараттық-түсіндіру семинары ұйымдастырылды.
🔹Семинарда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары жастарға АИТВ инфекциясы туралы нақты әрі толық ақпарат ұсынды.
🔹Психолог М. Бегманова жастармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, АИТВ туралы қоғамда қалыптасқан теріс пікірлер мен жалған түсініктерді жоққа шығарудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, қауіптің алдын алу жолдары, жеке қорғану мәдениеті және жауапты мінез-құлық жөнінде кеңестер берілді.
🧬 АИТВ қалай жұғады?
Қатысушыларға АИТВ инфекциясының:
• қан арқылы;
• қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде;
• және жүктілік кезінде анадан балаға жұғу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.
🌱 Ерте тестілеу – алдын алудың тиімді жолы
Спикер АИТВ-ны ерте анықтаудың маңызын ерекше атап өтіп, антиретровирустық терапияның адамның өмір сапасын жақсартатынын және инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермейтінін айтты.
📄 Семинар соңында мейірбике А.Науанова қатысушыларға ақпараттық материалдар таратты.
Ақпараттық жұмыстары жүргізілді
🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес орталығының психологы Г.Шамурзаева, мейірбике Г.Иманбаева Тараз қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік және қоғамдық орындарда ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді.
🔹 Іс-шара барысында қала тұрғындарына АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, одан қорғану тәсілдері мен алдын алу жолдары бойынша кең көлемде мәлімет берілді.
📄 Сондай-ақ, халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ақпараттық материалдар таратылды.