Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Таразда жастарға арналған ақпараттық семинар өтті

 

2025 жылғы 16 қыркүйекте Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бірлесуімен Тараз сервис және технология колледжінің студенттері үшін ақпараттық-түсіндіру семинары ұйымдастырылды.

🧭 Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өтіп, жастар арасында өзекті саналатын екі маңызды тақырып қозғалды:
• Нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу
• АИТВ инфекциясының таралуын болдырмау жолдары

🔍 АИТВ тақырыбындағы түсіндіру жұмысы

Семинарда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары жастарға АИТВ инфекциясы туралы нақты әрі толық ақпарат ұсынды.

Психолог М. Бегманова жастармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, АИТВ туралы қоғамда қалыптасқан теріс пікірлер мен жалған түсініктерді жоққа шығарудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, қауіптің алдын алу жолдары, жеке қорғану мәдениеті және жауапты мінез-құлық жөнінде кеңестер берілді.

🧬 АИТВ қалай жұғады?

Қатысушыларға АИТВ инфекциясының:
• қан арқылы;
• қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде;
• және жүктілік кезінде анадан балаға жұғу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

🌱 Ерте тестілеу – алдын алудың тиімді жолы

Спикерлер АИТВ-ны ерте анықтаудың маңызын ерекше атап өтіп, антиретровирустық терапияның адамның өмір сапасын жақсартатынын және инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермейтінін айтты.

Кемсітушілік пен стигмаға қарсы тұру – қоғамның әрбір мүшесінің міндеті екені де назардан тыс қалмады.

📄 Семинар соңында мейірбике Г. Иманбаева қатысушыларға ақпараттық материалдар таратып, инфекциядан қорғану тәсілдері туралы нақты ұсыныстармен бөлісті. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар толыққанды жауап беріп, пікір алмасу орын алды.

Жастармен семинар өтті

 

2025 жылдың 16 қыркүйек күні Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының ұйымдастыруымен Қазіргі заман гуманитарлық-техникалық колледжі студенттеріне арналған маңызды семинар өткізілді.

🧭 Шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өтті және екі өзекті тақырыпты қамтыды:
• «Нашақорлықпен құқықбұзушылықтың алдын алу – жастардың болашағы үшін»
• «АИТВ инфекциясының алдын алу»

🧠 АИТВ туралы не айтылды?

Семинар барысында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары жастарға АИТВ инфекциясы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Психолог М. Бегманова жастармен ашық диалог жүргізіп, АИТВ туралы қоғамда қалыптасқан стигмалар мен қате түсініктерді жоюдың маңыздылығын атап өтті. Ол АИТВ-ның жұғу жолдары, қауіп факторлары, жеке жауапкершілік пен салауатты өмір салты жайлы кеңес берді.

🧬 Сонымен қатар, АИТВ-ның:
• қан арқылы,
• қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде,
• анадан балаға берілу жолдары түсіндірілді.

🌿 Ерте диагностиканың маңыздылығы ерекше аталып өтті. Уақытылы тестілеу арқылы анықталған жағдайда антиретровирустық терапия науқасқа ұзақ әрі сапалы өмір сүруге мүмкіндік беретіні айтылды. АИТВ жұқтырған адамдар толыққанды өмір сүре алатыны және қоғам тарапынан кемсітушілікке ұшырамауы тиіс екені баса айтылды.

📄 Мейірбике Г. Иманбаева қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратып, инфекцияның алдын алу бойынша нақты ұсынымдармен бөлісті. Жастар өздерінің сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Сауаттылық -денсаулық кепілі!

 

🔹Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қызмет атқаратын әскери қызметшілермен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

🔹Шараның негізгі мақсаты – адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясының алдын алу, әскери қызметшілер арасында ақпараттық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын дәріптеу.

🔹Кездесуге орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева, психолог Г.Шамурзаева және мейірбике А.Науанова қатысып, АИТВ инфекциясы жөнінде жан-жақты мәлімет ұсынды. Мамандар инфекцияның жұғу жолдары, сақтану тәсілдері, ерте диагностиканың маңыздылығы және стигма мен кемсітушілік мәселелері жөнінде нақты түсініктеме берді.

🔹Мамандар АИТВ ерте анықтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Уақытылы басталған антиретровирустық терапия науқасқа ұзақ әрі сапалы өмір сүруге мүмкіндік береді және инфекцияның таралу азайтады. Ал, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қоғам тарапынан жиі кездесетін көзқарас – әлеуметтік мәселе. Мамандар бұл мәселені ашық айтып, кемсітушілікті болдырмау қоғам алдындағы ортақ міндет екенін жеткізді. Әскери қызметшілер мамандарға өздерін сауалдарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды.

🔹Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлері ЖИТС орталығы мамандарына алғыс білдіріп, мұндай шаралардың әскери қызметкерлердің денсаулығына деген жауапкершілікті арттыратынын және жұқпалы аурулардың алдын алуда маңызы зор екенін атап өтті.

Халықпен тиімді түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медбикелері А. Никулина мен А. Науанова Тараз қаласының бірнеше қоғамдық орындарын аралап, тұрғындармен кездесті.

🔹 Мамандар АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, жеке қорғану тәсілдері және алдын алу шаралары туралы кеңінен түсіндіріп, ашық әрі мазмұнды ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізді.

📄 Тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, әр адамға жеке кеңес берілді.

АИТВ – инфекциясын алдын алу бойынша семинар өтті

🔰Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС) алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз қаласы білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне ақпараттық семинар ұйымдастырды.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясының алдын алу, халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Семинарға орталықтың эпидемиолог-дәрігері С.Дулатбаева, психолог Г.Шамурзаева және мейірбике А.Кокибаева қатысып, АИТВ инфекциясы туралы жан-жақты мәлімет берді. Мамандар инфекцияның жұғу жолдары, сақтану тәсілдері, ерте диагностика және қоғамдағы стигма мен кемсітушілік мәселелері жөнінде нақты әрі түсінікті ақпарат ұсынды.
🔹Семинар барысында АИТВ-ны ерте анықтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Уақытылы басталған антиретровирустық терапия науқастың өмір сүру сапасын арттырып, инфекцияның әрі қарай таралуын азайтуға мүмкіндік береді.
🔹Сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты қоғамда қалыптасқан жағымсыз көзқарастар да талқыланды. Мамандар бұл мәселеге ашық қарап, кемсітушілікті болдырмау – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін жеткізді.
✅Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы тағы да атап көрсетілді.

АИТВ туралы ақпарат тұрғындарға жеткізілді

 

🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Тараз қаласындағы бірқатар бизнес құрылымдарында АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық шаралар өткізді.

📌 Тұрғындарға инфекцияның таралу жолдары мен одан қорғану тәсілдері түсіндіріліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

Түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда

 

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес орталығының медбикелері А. Кокибаева мен А. Науанова Тараз қаласындағы Самал шағын ауданында орналасқан бірқатар кәсіпкерлік және қоғамдық мекемелерде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді.

🔹 Іс-шара барысында қала тұрғындарына АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, одан қорғану тәсілдері мен алдын алу жолдары бойынша кең көлемде мәлімет берілді.

📄 Сондай-ақ, халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ақпараттық материалдар таратылды.

30 Тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 30 жыл!

⚜️Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 30 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.

⚜️Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен салтанатты түрде ашылды. Одан кейін орталықтың бас дәрігерінің орынбасарының міндетін атқарушы Темірлан Тайчибеков құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол: «Құрметті әріптестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституциямыздың 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, ел бірлігінің бастауы. Осы құндылықтарды ұстана отырып, әрқайсымыз өз саламызда адал еңбек етіп келеміз. Денсаулық сақтау саласы – халыққа қызмет етудің биік үлгісі. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» – деп жүрекжарды лебізін білдірді.
⚜️Мерелік шара барысында емдеу-алдын алу бөлімінің қызметкері Мөлдір Мухаметқалиеваның Конституцияға арналған мазмұнды презентациясы ұсынылды. Сонымен қатар, жүргізуші Гүлнұр Жүнісбекова қатысушыларға Конституцияға байланысты түрлі сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген қызметкерлерге сыйлықтар табыстады.
⚜️Іс-шара соңында емдеу-алдын алу бөлімінің қызметкерлерінің орындауында патриоттық рухтағы «Атамекен» әні шырқалып, көрермендердің жүрегіне жылы әсер сыйлады.

🔰Мемлекетіміздің іргетасы – Конституциямыз берік болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

АИТВ туралы мағлұмат – денсаулық кепілі!

 

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы «Ауыл Береке» базарында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.

🔹 Шара аясында тұрғындарға АИТВ-ның жұғу түрлері мен одан қорғану жолдары жайлы толық мәлімет берілді.

📄 Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында түсінікті әрі пайдалы парақшалар үлестіріліп, мамандар тарапынан жеке кеңестер ұсынылды.

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары — психолог Г. Шамурзаева, мейірбике А. Кокибаева және А. Науанова — Тараз қаласындағы “Даримет” медициналық орталығы, “Арнұр” т.б отбасылық моншада, сүт өнімдері дүкенінде, бірнеше шаштараз, дәмхана және бизнес орталықтарында ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді.

🔹 Кездесулер барысында АИТВ инфекциясының берілу жолдары, одан қорғану тәсілдері мен ерте тестілеудің маңызы жайлы кеңінен айтылды. Халыққа арналған ақпараттық парақшалар таратылып, салауатты өмір салтын сақтау қажеттілігі де ерекше атап өтілді.