Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл ауданында АИТВ/ЖИТС бойынша семинар өтті

 

28 мамыр күні Жамбыл аудандық орталық ауруханасы мен емханасында «АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, нормативтік-құқықтық актілер және инфекцияның алдын алу шаралары» тақырыбында ақпараттық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының таралу деңгейімен, жаңа нормативтік-құқықтық база талаптарымен, АИТВ-ға скрининг жүргізу тәртібімен және инфекцияның алдын алу шараларымен таныстыру болды.

Семинар бағдарламасы келесі негізгі бағыттарды қамтыды:

  1. Жамбыл облысы және республика бойынша АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай.
  2. Медицина ұйымдарындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар және жаңа нормативтік-құқықтық актілерге шолу, соның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығы – АИТВ инфекциясына міндетті құпия медициналық тексеру қағидалары.
  3. АИТВ инфекциясына тексерілуге жататын контингенттерді анықтау және кәсіби жұқтырудың алдын алу шаралары.
  4. АИТВ, сифилис және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу.
  5. Доконтакт және постконтакт профилактиканың маңыздылығы мен АИТВ статусын білу қажеттілігі.
  6. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар арасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері.
  7. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру.

Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог-дәрігерлері Д.Абдраманова мен И.Досымова және емдеу бөлімінің инфекционист-дәрігері С.Токбураева.

Іс-шара барысында қатысушылар АИТВ инфекциясына қатысты өзекті ақпаратпен танысып, практикалық ұсынымдар алды. Мамандар алдын алу, кәсіби қауіпсіздік және кемсітушілікті алдын алу мәселелерін кеңінен түсіндіріп, семинар белсенді әрі нәтижелі өтті.

“Отбасы банк” кеңес беру орталығында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының психолог мамандары Г. Шамурзаева мен М.Бегманова “Отбасы банк” АҚ Тараз қаласындағы кеңес беру орталығы қызметкерлері мен тұтынушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары және қорғану шаралары туралы жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
🔹Іс-шараның мақсаты – АИТВ инфекциясы туралы қоғамда дұрыс көзқарас қалыптастыру, стигма мен кемсітушілікті азайту, сондай-ақ тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.
🔹Кездесу барысында мамандар қатысушыларға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, оның ағзаға әсері, дер кезінде анықтау және емдеу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, ерте диагностиканың маңыздылығы, алдын алу шаралары және салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары талқыланды.​
🔹Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Сондай-ақ, ақпараттық-білім беру материалдары — бүктемелер мен парақшалар таратылды.

Медициналық колледжде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова Тараз қаласындағы медициналық колледждің студенттеріне арнап АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ағартушылық дәріс өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – болашақ медицина қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру, дұрыс түсінік қалыптастыру және алдын алу шараларын үйрету болды.

Дәріс барысында эпидемиолог маман АИТВ-ның жұғу жолдары, одан қорғану тәсілдері, заманауи диагностика мен емдеу мүмкіндіктері жайында жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттермен белсенді пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың тақырыпқа қатысты сұрақтарына нақты әрі кәсіби жауаптар берілді.

Іс-шараны қызықты әрі тиімді ету мақсатында қатысушылар арасында танымдық ойындар ойнатылды. Бұл тәсіл студенттердің тақырыпты жақсы меңгеруіне және өз көзқарастарын қалыптастыруына септігін тигізді.

Ақпараттық шаралар жалғасуда

🔹Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз қаласының тұрғындары арасында ақпараттық оқу материалдарын таратты. Орталық мамандары АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар тұрғындарға инфекцияның алдын алу әдістері, АИТВ тестілеуінің маңызы және ерте анықтаудың қажеттілігі туралы ақпарат берді.
​ ✅Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, қажет жағдайда кеңес ұсынылды. Бұл шаралар қоғамның денсаулығын сақтау және АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттандыруды күшейтуге бағытталды.

Жастарға арналған семинар

 

🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы Жамбыл инновациялық колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, “Салауатты ұрпақ – 2025” тақырыбында ақпараттық семинар ұйымдастырды.
🔹 Семинардың мақсаты – жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау, жыныстық жолмен жұғатын аурулар мен АИТВ-ның алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
🔹 Психолог маман Г. Шамурзаева АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану шаралары, стигма мен дискриминация тақырыптарында ақпарат берді. 18 мамыр – ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күні екені айтылды.

Жастардың репродуктивті сауатын арттыру жолында

🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері И. Досымова Тараз темір жол көлігі және коммуникациялар колледжінің студенттеріне арнап «Отбасын жоспарлау» тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Шара барысында жастарға бейнероликтер көрсетіліп, семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Дәріс кезінде студенттерге репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы мен оның өмір сапасына әсері жан-жақты түсіндірілді.
🔹 Облыстық ЖИТС орталығының маманы жастарға жыныстық қатынасқа ерте түсудің салдарлары мен АИТВ, ЖЖБИ жұқтырудың алдын алу шараларын кеңінен түсіндірді. Іс-шара аясында өз еркімен ниет білдірушілерден экспресс-тест алынып, ақпараттық материалдар таратылды.
🔹 Мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні екенін еске салып, жастарды індетке қарсы күресте бірлікке шақырды.

Репродуктивті денсаулық апталығы аясындағы семинар

🔹 2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында елімізде репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Осы апталық аясында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының ұйымдастыруымен №6 қалалық емханада ақпараттық семинар өткізілді.
🔹 Іс-шараға гинеколог-дәрігерлер, психологтар және алдын алу бөлімінің мамандары қатысты.
🔹 Семинар барысында орталықтың эпидемиолог-дәрігері И.Досымова халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау, инфекциялық аурулардың алдын алу, отбасы жоспарлау мен жауапты ата-аналық мәдениетін қалыптастыру тақырыптарында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹 Сонымен қатар, мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні екенін айтып, бұл күннің маңыздылығына тоқталды.

Салауатты ұрпақ – сенімді ертең

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Тараз мамандандырылған колледжінің білім алушыларымен кездесіп, «Салауатты ұрпақ – 2025» атты тақырыптық семинар өткізді.
🔹Бұл шараның басты мақсаты – жастарға репродуктивті денсаулықтың маңызын түсіндіру, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін аурулар мен АИТВ-ның алдын алу жолдарын жан-жақты түсіндіру болып табылады.
🔹Семинарда орталықтың психолог мамандары Г.Шамурзаева мен М.Бегманова студенттерге АИТВ-ның таралу жолдары, қорғану әдістері, сондай-ақ стигма мен кемсітудің қоғамға әсері туралы толыққанды ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, 18 мамыр – ЖИТС құрбандарын еске алу халықаралық күні екені де айтылды.
✅Кездесу барысында студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, нақты әрі түсінікті жауап алды.

Дені сау ұрпақ – ел болашағының кепілі!

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз-Ғасыр колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шара аясында “Салауатты ұрпақ – 2025” тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
🔹Семинардың негізгі мақсаты – жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) мен адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) алдын алу жөнінде кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
🔹Іс-шара барысында орталық психологтары Г.Шамурзаева мен М.Бегманова студенттерге АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, стигма мен кемсітушілік мәселелері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, 18 мамыр -ЖИТС салдарынан қаза тапқандарды еске алу халықаралық күні екені атап өтілді.
✅Кездесуде студенттер мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

алауатты ұрпақ – 2025: Жастар арасында маңызды ақпараттық дәріс өтті

🔹Тараз қаласының білім бөлімінің №38 орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог мамандары Г.Шамурзаева және М.Бегманова жоғарғы сынып оқушыларына дәріс өткізді. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс әрі нақты ақпарат беру, инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білімдерін арттыру болды.
🔹Дәріс барысында психолог мамандары ң оқушыларға АИТВ инфекциясы туралы негізгі мәліметтерді ұсынып, адам ағзасына әсері және жұғу жолдары туралы жан-жақты түсіндірме жасады. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясынан қорғану жолдары мен алдын алу тәсілдері туралы маңызды ақпарат берілді.
🔹Кездесу кезінде бейнебаян көрсетіліп, арнайы дайындалған ақпараттық бүктемелер таратылды. Бұл оқушылардың тақырыпты тереңірек түсінуіне септігін тигізді.
🔹Г. Шамурзаева 18 мамыр – ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні екенін атап өтіп, бұл күннің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбы қозғалып, әр адамға құрметпен қарау, адамгершілік құндылықтарды сақтау қажеттілігі түсіндірілді.