Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

“Салауатты Ұрпақ – 2025” флешмобы

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы М.Бегманова “Астана” көпсалалы колледжінде студенттермен кездесіп, жастардың денсаулығын сақтау, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған флешмоб өткізді.
🔹Іс-шара барысында қауіпсіз мінез-құлық пен алдын алу шаралары жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар, 18 мамыр – ЖИТС салдарынан қаза тапқандарды еске алу күні екенін еске салды.

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай мерекелік іс-шара өтті

⚜️Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында 12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне арналған салтанатты кеш ұйымдастырылды.
⚜️Іс-шара барысында орталық басшысы Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы сөз сөйлеп, ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Ол мейіргерлердің қоғамдағы маңызды рөліне тоқталып, олардың денсаулық сақтау саласына қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.
⚜️Сондай-ақ мерекелік жиында бас дәрігердің орынбасары Калметова Гүлжан Алдабергенқызы, Кәсіподақ комитетінің төрағасы Сатмаханова Ләйлә Ораковна және “Аманат” партиясы жанындағы “Иммунитет” бастауыш партия ұйымының төрағасы Малимов Алтайхан Әлмаханбетұлы құттықтау сөз сөйлеп, мейіргерлерге шығармашылық табыс, мықты денсаулық және еңбекте табыс тіледі.
⚜️Кеш барысында бірқатар мейіргерлер Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының, “Аманат” партиясының “Иммунитет” БПҰ-ның Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен, сондай-ақ “Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі” қоғамдық бірлестігі тағайындаған “Шарапат” төсбелгісімен марапатталды.

Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы талқыланды

🔹 2025 жылдың 8 мамыр күні Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында «2024-2025 жылдардағы сәуір айы және 4 ай бойынша Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында жұмыс жиналысы өтті.

🔹 Жиынды орталықтың бас дәрігері Бағлан Қыдырбаев ашып, күн тәртібінде қаралатын маңызды мәселелерге тоқталып, аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға назар аударды. Ол өз сөзінде АИТВ инфекциясының таралуын бақылау, алдын алу шараларын күшейту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстардың өзектілігін атап өтті.

🔹 Одан кейін сөз алған ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі О. Абдикеримова арнайы дайындалған баяндамасын ұсынып, ағымдағы жылдың алғашқы төрт айындағы эпидемиологиялық көрсеткіштерге талдау жасады. Ол тіркелген жаңа жағдайлар саны, жұқтыру жолдары және қауіп топтарымен жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстар туралы мәліметтерді баяндады.

🔹 Жиын барысында Бағлан Жарылқасынұлы барлық құрылымдық бөлім басшыларына өз бағыттары бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізуді, халық арасында түсіндіру және ақпараттық-ағартушылық жұмыстарын күшейтуді, сонымен қатар тиімділікті арттыру мақсатында жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізуді тапсырды.

🔹 Сондай-ақ, АИТВ инфекциясын ерте анықтау, осал топтармен жұмыс істеудің тиімді жолдарын табу және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады.

✅ Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап алды.

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік кеш өтті

🔹Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

🔹Кеш барысында орталық басшысы Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы және бас дәрігердің орынбасары Калметова Гулжан Алдабергенқызы ер азаматтарды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, Отанға адалдық, азаматтық борыш пен батырлық қасиеттер жайлы жүрекжарды лебіздерін білдірді.

🔹Іс-шарада қызметкерлер тарапынан ән-шашу мен би қойылымдары ұсынылып, патриоттық рухтағы поэзиялық композициялар орындалды.

🔹Сонымен қатар, келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күні де ұмыт қалмай, тәуелсіз елдің бейбіт аспаны үшін күрескен батырларға тағзым жасалды.

✅Кеш соңында Кәсіподақ комитетінің төрағасы Сатмаханова Ләйлә Ораковна жылы лебізін білдіріп, кешке қатысушыларға шығармашылық табыс пен амандық тіледі.

Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде дәріс өтті

🔰Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М. Бегманова Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде білім алып жатқан студенттерге арнайы дәріс оқыды. Дәріс барысында ол АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат берді.

🔹Маман жастарды сақтану жолдары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушіліктің алдын алу, қоғамда түсіністік пен қолдау көрсету қажеттігі де айтылды.

✅Білімгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып бойынша нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

Дүниежүзілік қол гигиенасы күні

🔹Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының қызметкерлері 5 мамыр – Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне орай түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шара барысында мамандар қол гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, дұрыс қол жуу тәсілдері көрсетілді.

Меркі ауданының полиция қызметкерлерімен кездесу

​ 🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Меркі ауданының полиция бөлімшесі қызметкерлерімен ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара барысында орталықтың эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маманы М.Бегманова АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, жұғу себептері мен алдын алу шаралары жөнінде кең көлемде ақпарат ұсынды.
​ 🔹Мамандар Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалына тоқталып, инфекцияның алдын алу бағытындағы шаралардың маңыздылығына ерекше назар аударды. Әсіресе, әрбір адамның өз АИТВ мәртебесін білуі – дерттің алдын алудағы маңызды қадам екені түсіндірілді.
​ ✅Кездесу соңында полиция қызметкері ерікті түрде АИТВ-ға тестілеуден өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мейірағасы Р.Қуанышбеков 63 полияция қызметкерінен қан үлгілерін ИФТ (иммуноферменттік талдау) әдісімен алды. Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алу және қорғану жолдары туралы ақпараттық парақшалар таратылды.

Меркі қанты» ЖШС-де АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық шара өтті

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары Меркі ауданында орналасқан “Меркі қанты” ЖШС-де АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру шарасын ұйымдастырды.

🔹Шара барысында кәсіпорын қызметкерлеріне АИТВ жұқпасының таралу жолдары, оның алдын алу тәсілдері мен ерте анықтаудың маңыздылығы туралы кең көлемді ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандар АИТВ-ға қатысты стигманы мен кемсітушілікті жою бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.

✅Іс-шараның мақсаты — еңбек ұжымдары арасында АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

АИТВ инфекциясын алдын алу – әрбір азаматтың жауапкершілігі

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары Меркі ауданындағы “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-де АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.

🔹Іс-шараның мақсаты – жұмысшылардың АИТВ инфекциясы, оның берілу жолдары, алдын алу тәсілдері, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушілікті жою туралы ақпараттануын арттыру болды.

✅Шара барысында орталық мамандары зауыт қызметкерлеріне АИТВ/ЖИТС туралы жан-жақты мағлұмат беріп, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, ақпараттық бүктемелер таратылып, АИТВ-ға анонимді және ерікті түрде тестілеудің маңыздылығы атап өтілді.

Меркі ауданында педагог-психологтар мен оқушыларға АИТВ-ның алдын алу жөнінде оқыту семинары өтті

​ 🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары Меркі ауданындағы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында арнайы семинар ұйымдастырды. Іс-шара екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде мектеп ұстаздары мен педагог-психолог мамандарына арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында мамандар АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу әдістері және психологиялық қолдаудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.

🔹Екінші кезеңде жоғарғы сынып оқушыларына ақпараттық-ағартушылық іс-шара ұйымдастырылып, жастар арасында АИТВ туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, стигма мен дискриминацияны болдырмау мәселелері талқыланды. Оқушыларға АИТВ-дан сақтану жолдары, қауіпсіз мінез-құлық негіздері және денсаулықты сақтау мәдениеті жөнінде кеңестер берілді. Іс-шара барысы сұрақ-жауап, пікір алмасу түрінде ұйымдастырылды.

✅Бұл семинардың негізгі мақсаты – АИТВ-инфекциясының алдын алу, жастарды ақпаратпен қамтамасыз ету және мектептердегі алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, сондай-ақ мұғалімдер мен психологтардың білімін жетілдіру арқылы қауіптің алдын алуға ықпал ету болды.