🔹Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясын алдын алу орталығының мамандары Тараз қаласының тұрғындары арасында ақпараттық оқу материалдарын таратты. Орталық мамандары АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар тұрғындарға инфекцияның алдын алу әдістері, АИТВ тестілеуінің маңызы және ерте анықтаудың қажеттілігі туралы ақпарат берді.
✅Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, қажет жағдайда кеңес ұсынылды. Бұл шаралар қоғамның денсаулығын сақтау және АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттандыруды күшейтуге бағытталды.
Бейнегалерея
FOCUS | НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ
Қош келдің, Әз-Наурыз
Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығында дәстүрлі Наурыз мейрамы ерекше аталып өтті. “Қош келдің, Әз-Наурыз” атты мерекелік шара Клинико-диагностикалық зертханасы бөлімі ұйымдастырған мереке ретінде айрықша есте қалды. Қатысушылардың қуанышына бөленген бұл кештің басты мақсаты – қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін ұлықтау, көктем мен жаңа жылдың символы ретінде Наурыз мейрамын атап өту болды.
Мереке аясында орталықтың ауласында көптеген дәстүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Орталық қызметкерлері мен қонақтары үшін басты тағам – Наурыз көже дайындалып, бауырсақ пісірілді. Оған қоса, аулаға жасыл желек отырғызылып, табиғатқа деген құрмет көрсетілді.
Мерекенің ашылу салтанатында жүргізушілер барша қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, оның мән-маңызын сөз етті. Содан кейін Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлына сөз берді. Бас дәрігер Наурыздың халқымыз үшін терең мағыналы мереке екенін айтып, бұл күннің жақсылыққа, жаңару мен үмітке толы екенін атап өтті. Жылдың басы тыныштық пен бейбітшілікті, денсаулық пен бақытты әкелуін тіледі, барлық қатысушыларға жайлы өмір, табысты жұмыс және отбасылық береке тіледі.
Мерекелік кеште халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі – бата беру рәсімі орын алды. Қыдыр ата рөлінде Алтайхан Малимов сөз алып, барша жиналғандарға жақсы тілек айтып, бата берді.
Наурыз мерекесі тек сөзбен ғана емес, әсем әндермен де өрнектелді. Айгул Жакипова мен Бағдат Жапанованың орындауында “Наурыз көктем” әні орындалды. Ұлбибі атты қызымыз “Аққу” биін билеп, көрермендерді таңдай қақтырды.
Мереке барысында дәстүрлі шашу рәсімі де өтті. Әжелер ансамблі (Қарлығаш Зейнулова, Динара Турдымуратова, Жанат Курмашева, Баглан Тулмағанбетова, Гульвира Серкебекова, Зара Абиева) шашу шашып, халықтың көңілін көтерді.
Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің ең әсерлі сәттерінің бірі тұсаукесер рәсімі болды. Бұл рәсім қазақ халқының дәстүріне сай Бағлан Жарылқасынұлы баланың болашағының жарқын болуына тілек білдіріп, тұсауын кесіп, сәттілік тіледі.
Шара барысында қазақ халқының танымал әндері мен билері орындалып, кештің көркемдік деңгейі жоғары болды. Жиналғандар Арсен ұлының “Мен қазақтың баласы” әнін тыңдап, өздерінің ұлттық болмысын сезінді. “Қара жорға” биі де қазақтың ұлттық өнерін паш еткен сәттердің бірі болды.
Мерекелік шарада көңілді ойындар мен жарыстар да өтті. Әр бөлімнің қызметкерлері арқан тарту, қол күрес және гір көтеру сияқты ұлттық ойындарға қатысып, мерекенің тартымды әрі қызықты өтуіне өз үлестерін қосты. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Мереке соңында қатысушылар “Атамекен” әнін бірге шырқап, бір-біріне ыстық ықылас, ақ тілектерін жолдады. Наурыздың құтты болуына тілектестікпен аяқталған кеш баршаға қуаныш, бақыт және береке әкелді.
АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығында өткен бұл Наурыз мейрамы тек қана көктемнің жарқын мерекесін атап өту емес, сонымен қатар халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтарын жаңғырту, жаңа жылдың бастауы ретінде ынтымақ пен бірліктің ұйытқысы болды. Наурыз мейрамы әр адамның жүрегіне жылу мен үміт сыйлап, болашаққа деген сенімді арттырды.
№2 қалалық емханасынның қызметкерлеріне арналған семинар
🔰Ағымдағы жылдың 12 наурызында Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері А. Иргебаева №2 қалалық емханасының қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша семинар өткізді.
🔹Бұл семинардың мақсаты – медициналық қызметкерлердің АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру, кемсітушілікті болдырмау үшін қоғамда түсіністік қалыптастыру.
🔹Семинар барысында Айгерім Өмірғалиқызы АИТВ- инфекциясының қазіргі жағдайы мен оның таралуы туралы толық ақпарат беріп, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуалды сараптады. Дәрігер инфекцияның таралу жолдары, АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, оларды қоғамда қабылдауға шақыру, медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру және кемсітушілікті жою бойынша ұсыныстар айтты.
🔹Сонымен қатар, семинар қатысушыларына АИТВ- инфекциясынан сақтанудың жолдары, ерікті түрде тест тапсырудың маңызы, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру жайында ақпараттар ұсынылды.
Іс-шараға қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауларға қатысты.
«Ауыл береке» сауда кешенінде ақпараттық іс-шара өтті
🔰Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясын алдын алу орталығы Тараз қаласының «Ауыл береке» сауда орны жұмысшылары мен тұрғындары арасында ақпараттық оқу материалдарын тарату мақсатында маңызды шара ұйымдастырды. Орталық мамандары, эпидемиолог дәрігер С.Дулатбаева мен психолог М.Бегманова АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен қауіпсіздік шаралары туралы радио арқылы өз сөздерін кеңінен жеткізді. Олар тұрғындарды өз еріктерімен АИТВ инфекциясына жедел тест тапсыруға шақырып, инфекциядан қорғану үшін қажетті ақпараттармен бөлісті.
🔹Сонымен қатар, орталықтың медибикесі Г.Иманбаева қала тұрғындарынан жедел тест тапсыруға ниет білдіргендерге тест жүргізді. Бұл шара барысында мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары мен қауіпсіздік шаралары туралы кеңестер ұсынып, түрлі мәселелер бойынша түсінік берді.
🔹Түсіндіру жұмыстары кезінде тұрғындарға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу тәсілдері, және инфекцияның ерте кезеңдерінде тест тапсырудың маңызы туралы жан-жақты ақпараттар ұсынылды. АИТВ-мен байланысты қорқыныш пен күмәндарды жою мақсатында психологтар эмоционалдық қолдау көрсетіп, жұртшылыққа дұрыс ақпарат беруге тырысты.
✅Бұл шара қоғамда АИТВ инфекциясының алдын алу, дұрыс ақпараттандыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша білімділікті арттыруға бағытталды. Мұндай іс-шаралар халықтың денсаулығын сақтау мен қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жақсартуға, АИТВ инфекциясының таралуын болдырмауға көмектеседі.
Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиын ұйымдастырылды
🔰7 наурыз күні Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мәжіліс залында Халықаралық әелдер күніне орай ерекше мерекелік жиын ұйымдастырылды. Бұл шарада нәзік жандарға деген құрмет пен сүйіспеншілікке толы жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды.
🔹Мерекелік жиынды орталықтың бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Джарлықасынұлы ашып, ақ халатты абзал жандарды шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы рөлі мен еңбегін жоғары бағалап, әрбір әйелдің өміріміздегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, дәрігер әйелдердің атқарған жұмыстары мен кәсіби шеберліктерін ерекше атап өтті.
🔹Жиында ұжымдағы ер азаматтар да әйелдерге арнап арнайы әндер орындап, олардың еңбекқорлығы мен жан-жақты болмысына деген құрметтерін білдірді. Өнерлі ұжым мүшелері көңілді кештің ажарын ашып, өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің көркін келтірді.
Ақпараттық іс-шара жалғасуда
Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу мамандары жергілікті тұрғындарға инфекцияның таралу қаупі мен оны болдырмаудың тиімді жолдарын түсіндіріп, оқу материалдары таратты.
🔹Бұл шараның басты мақсаты-тұрғындарға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу әдістері туралы нақты және дұрыс ақпарат жеткізу.
«ТаразКожОбувь» ЖШС өндіріс орны жұмысшыларына АИТВ инфекциясын алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева «ТаразКожОбувь» ЖШС өндіріс орны жұмысшыларына АИТВ инфекциясын алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹Түсіндіру жұмыстары барысында дәрігер С.Дулатбаева АИТВ инфекциясының жұғу жолдарын, белгілерін және инфекциямен өмір сүріп жатқан адамдардың құқықтарын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясынан қорғану шаралары, оның ішінде тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығы туралы сөз қозғалды.
Семинар барысында жұмысшылар арасында ақпараттық материалдар таратылып, дәрігер мен қатысушылар арасында белсенді сұрақ-жауап өтті.
✅Алдағы уақытта Тараз қаласындағы көптеген кәсіпорындарда осындай шаралар ұйымдастырылып, халықтың АИТВ инфекциясына қарсы білім деңгейін арттыру мақсатында жұмыстар жалғасын табады.
Ақпараттық оқу материалдарын тарату жұмыстары жалғасуда
🔰Қала тұрғындарына АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы ақпараттық оқу материалдарын тарату жұмыстары жалғасуда.
🔹Бұл шараның мақсаты-тұрғындарды АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу және сақтану тәсілдері бойынша кеңестер беру арқылы қоғамда түсіністік пен жауапкершілікті арттыру.
🔹АИТВ-ның таралуын азайту үшін ұйымдастырылған бұл жұмыстардың қала тұрғындары үшін маңызы зор. Жамбыл облысының АИТВ-инфекциясын алдын алу мамандары жергілікті халыққа инфекцияның таралу қауіпі мен оны болдырмаудың тиімді жолдарын түсіндіріп, алдын алу шаралар туралы кеңес беруде.
Жолаушылар көлігінде ақпараттық парақшалар таратылды
🔰Тараз қаласында жолаушылар көліктерінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық оқу материалдары таратылды.
🔹Бұл шараның басты мақсаты-тұрғындарға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу әдістері туралы нақты және дұрыс ақпарат жеткізу.
🔹Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу мамандары жергілікті тұрғындарға инфекцияның таралу қаупі мен оны болдырмаудың тиімді жолдарын түсіндіріп, кеңес берді.
✅Мұндай іс-шаралар қалада АИТВ инфекциясының таралуын азайтуға және оның алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.