Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Адамның иммун тапшылық вирусын (АИТВ) анықтауда полимеразды тізбекті реакциялық зерттеудің маңызы

 Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында 2018 жылдан бастап, “Полимеразды тізбекті реакция зертханасы” ашылды. ПТР зертханасына қажетті барлық жағдайлар жасалынып, халықаралық зертханалық стандарттарға сай жабдықталған. Заман талабына сәйкес жаңа технологиялық құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол үшін АҚШ елінде шығарылған “BIO – RAD” (CFX96 Real-Tiem PCR Detection System) бірнеше аппараттар жиынтығы арнайы тапсырыспен алынып, қазірігі таңда сапалы қызмет көрсетуде.

Аталған аппараттар жиынтығының ерекшелігі: өте күрделі процесте жүретін ПТР талдауларының 5-6 сағат ішінде сандық қорытындысын беруі. Ал аппараттың басты қызметі: вирустық жүктемеге келген қан плазмасындағы арнайы жоғарғы технологиялық әдістермен патологиялық нуклейн қышқылдарынан бөлініп алынған ДНҚ (дезоксирибонуклейн қышқылы) мен РНҚ (рибонуклейн қышқылы) бөліктерінен, РНҚ молекуласының азғантай бөлігінде орналасқан АИТВ-1 инфекциясындағы РНҚ молекулаларын аз мөлшерден бірнеше миллионға дейінгі деңгейде көшірмелерін дәлме-дәл анықтап беруі. Бұл аппарат алынған сынамалардың қорытындысы бойынша АИТВ-1 РНҚ көшірмесінің ең төменгі деңгейі <500 көшірме/мл болса, ал ең жоғарғы деңгейі >10.000.000 көшірме/мл деңгейіне дейін анықтауға қабілетті.

Бұл зерттеулерді жүзеге асыру үшін, Ресей Федерациясында шығарылатын, “АмплиСенс ВИЧ-Монитор-FRT” реагенттер жиынтығы қолданылады. Бұл реагенттер жиынтығы АИТВ-1 инфекциясының РНҚ-сын ПТР әдісімен сандық (количественный) түрде анықтауға арналған.

АИТВ инфекциясының вирустық жүктемесін (вирусный нагрузка) анықтауда ПТР әдісінің маңызы өте зор. Себебі, ПТР қорытындысы бойынша емдеуші дәрігерлер ЖИТС сырқастымен ауыратын науқастарға антиретровирустық терапия (АРТ) жолымен ем тағайындайды. Яғни, науқастарға тағайындалған ем қаншалықты деңгейде әсер етіп жатқандығы осы ПТР әдісімен анықталатын зерттеулерге тығыз байланысты.

Қазіргі таңда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығындағы ПТР зертханасында бір айда орта есеппен 200-ге жуық науқастан талдау сынамалары алынып, 250-ден астам зерттеулер жасалынады. Бұл дегеніміз, ПТР зертханасының заман талабына сай қызмет көрсетіп жатқандығын білдіреді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған