Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ бойынша тұрғындарға кеңес беру мақсатында медициналық қызметкерлерді оқыту

«Алғашқы медициналық санитарлық көмек жағдайында АИТВ бойынша тұрғындарға медициналық-психоәлеуметтік кеңес беру» тақырыбында Сарысу ауданының АОЕ, ОДА, ФАП, МП медициналық қызметкерлері үшін 27.10.2018ж.  облыста жаңа жұқтыру жағдайларының алдын алу бойынша Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының Жол картасын басшылыққа ала отырып семинар-тренинг өткізілді. Кеңес беру білімі туралы түсіндірме жұмыстарын Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия жүргізді: эпидемиологиялық ахуал, алдын алу шаралары және берілу жолдары, психоәлеуметтіе кеңес беру түрлері мен жолдары, коммуникативтік дағдылар. АИТВ біліміне тестке дейінгі және кейінгі кеңес беру дағдыларын 2-3 адамнан топ құрып үйретілді. Ауданның орталық ауруханасының бас дәрігері Бегманованың қатысуы және оның АИТВ мәселелерінің өзектілігі мен тұрғындар арасында психоәлеуметтік кеңес жүргізу жұмыстарының маңыздылығы туралы қозғаған сөздері медициналық қызметкерлерге азық болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған