2018 жылдың 2-ші қазанында Тараз қаласының №32-ші орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «АИТВ/ЖИТС туралы жалпы түсінік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Оқушылардың АИТВ туралы жалпы түсініктерін тыңдай келе облыстық ЖИТС орталығының маманы Рахима Жакенова АИТВ-ның таралу жолдары және АИТВ/ЖИТС туралы толық мағлұмат берді. Жастар орталығының фтизиатр дәрігері Динара Абуева құрт ауруының берілу жолдары және оның симптомдарына тоқталып өтті. Облыстық ЖИТС орталығының социологі Мереке Бегманова АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар мектеп психологі Динара Байбосынова ЖИТС және туберкулез ауруларының бүгінгі таңдағы өзектілігін атап өтті.