1)АИТВ ЖИТС-тың алдын алу іс шараларын өткізу бойынша Жамбыл ауданының медицина қызметкерлеріне кеңестік көмек.

Ағымдағы жылдың 8 айлық жұмысының қорытындысы бойынша Жамбыл ауданының аудандық емханалар орталығына және аудандық аурухана орталығының медицина қызметкерлері үшін облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен 20.09.2018 жылы семинар өткізілді.

Семинар барысында дәрігер инфекционист Темирбекова Г.  анадан балаға АИТВ инфекциясының берілуінің алдың алу, жолдамаларда кодтың  сақталуын, АИТВ-ға тұрғындардың скринингінің жеткіліксіздігі туралы айтып өтті. Дәрігер эпидемиолог Когай В. №39 бұйрықта аталған госпиталдық эпидемиоогтың міндеттерімен таныстырды.Алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Г. №479, 64 бұйрықтары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеттерінің рөлі туралы, жастар және тұрғындар үшін өткізілетін іс-шаралар  туралы сөз қозғады.