Тараз қ. оқу орындары жастарының арасында АИТВ-ның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмысты облыстық ЖИТС орталығының мамандары жаңа оқу жылының басталуымен ұштастырды. «Жастар» жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының және облыстық туберкулез диспансері мамандарының қатысуымен Тараз қ. №7-ші мектеп гимназиясының 11-ші сынып оқушылары арасында «АИТВ және ЖИТС – айырмашылығы» сонымен қатар АИТВ берілу жолдары тақырыбында сабақ өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының маманы Р.Жакенова АИТВ-ның жұғу жолдары, алғашқы белгілері және оның алдын алу шараларын атап өтті. Облыстық туберкулез диспансерінің фтизиатр дәрігері Роза Толендиева құрт ауруының аса қауіптілігіне, аурудың симптомдарына және оны емдеу жолдарына тоқталды. Сабақ соңында «АИТВ туралы білуіңіз қажет.» атты бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды.