Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Оқушыларға АИТВ туралы

 

Тараз қаласының №50 орта мектебінде 7-9 сынып оқушылары арасында мектептің медбикесі ұйымдастырған облыстық ЖИТС орталығының мамандарының қатысуымен «Арыңды жасыңнан сақта» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс- шараға тиек болған әңгіме жастарға, оның ішінде жасөспірім қыз балаларға беріліп жатқан тәрбие болды. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, қыз намысын, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу және жыныстық қатынас пен ерте жүктілік туралы сөз қозғалды. Азғындық жолға түсудің аяғы түрлі аурулар, оның ішінде АИТВ жұқтыру мүмкіндігін арттыратындығы жайлы жан-жақты мағлұмат берілді. Облыстық ЖИТС орталығының педагогі Рахима Жакенова ауру анадан балаға АИТВ инфекциясының берілуінің алдын алу туралы баяндады. Қыз баланың бүгінгі алған тәлімі ата-ананың, бүкіл бір аталы рудың мерейі, қазақтай ұлттың айнасы. Сондықтан да ар мен абыройдың алдында қашанда тәрбиелі болыңдар деп аяқтады сөзін Хабиқызы Рахима. Кездесу соңында АИТВ туралы оқушылардың біліміне орталықтың социологі Мереке Бегманова сауалнама жүргізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған