Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ туралы мұғалімдерге арналған онлайн дәріс

    2020 жылдың 8 қазанында облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен педагогтарға арналған «Мектеп жағдайында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында онлайн дәріс өткізілді. Әдіскер Келдебаева Гүлзат өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануының, АИТВ-инфекциясы алдында жауапты мінез-құлықты қалыптастырудың маңыздылығына назар аударды. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима АИТВ-инфекциясының алдын алуда педагогтар мен ата-аналардың рөлінің әсері туралы хабардар етті. Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы қысқаша айтып өтті.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған