Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ туралы қыздармен сөйлесу

2019 жылдың 11 ақпанында Тараз қаласы №48 орта мектебінің 9-10 сынып қыздарымен кездесу өтті. Мұндай іріктеп өткізген нысана түрі «жабық сұрақтарды» ашық айқындауға мүмкіндік береді. Облыстық ЖИТС орталығының әлеуметтанушысы Бегманова Мереке мен №4 емханаға қарасты «Алмас» жастар денсаулық орталығының (ЖДО) акушер -гинекологы Жолшыбекова А. АИТВ жыныстық жолмен, анадан балаға, татуировка, пирсинг жасатқанда қан арқылы таралуы туралы әңгімеледі.

Ерте жыныстық өмір деген не? Жыныстық жолмен жіберуші инфекцияларын (ЖЖЖИ) жұқтыру қаупі туралы әңгімеледі.Ерте жыныстық өмірдің салдары – ерте жүктіліктер және олардың үзілуі. Қазіргі таңда әрбір адамның жауапты мінез-құлқы АИТВ жұқпасы мен жыныстық жолмен жұқтыратын инфекциялардың болмауы және қауіпсіз болашақтың кепілі болып табылатыны туралы ескертілді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған