Жамбыл облысы Байзақ аудананына облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша әдістемелік-кеңестік көмек көрсету мақсатында іс сапарға шықты. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша ағымдағы бұйрықтар туралы эпидемиолог дәрігер Сара Дулатбаева ақпарат берді, сонымен қатар қан алуды дұрыс, сапалы жүргізу және уақытылы жеткізуді сөзге тиек етті. Әлеуметтік желілерде жұмысты жаңғырту, жастар және тұрғындар арасында алдын алу шараларын өткізу туралы профилактика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова толық жеткізді. Тұрғындар арасында және емдеу мекемелеріндегі пациенттерді кемсіту және таңбалау мәселесіне аса назар аударылды. Әдістемелік-тәжірибиелік көмек көрсетілгендердің қатарында МП, ФАП, ОДА, ОАЕ, ОАА медициналық қызметкерлері және дәрігерлер болды.