АИТВ инфекциясының алдын алуды ұйымдастыру сұрақтары бойынша Тараз қ. №1-ші қалалық ауруханасының медициналық қызметкерлері үшін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері аталған мекеменің мәжіліс залында 2018 жылдың 11-ші қазанында семинар өткізді. АИТВ инфекциясы бойынша Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасы бойынша эпидемиологиялық ахуалмен, 90-90-90 ЮНЭЙДС Стратегиясымен дәрігер эпидемиолог Ирина Дегтерева таныстырды. Ағымдағы жылдың 9 айында АИТВ-ға тестілеу бойынша аурухананың жұмысы, №4 есеп формасы көрсетілді. Клиникалық көрсеткіштері бойынша тұлғалардың, жүкті әйелдердің, қан реципиенттерінің  АИТВ-ға тексерілуінің толық қамтылуы, оларға дұрыс код қойылуына аса көңіл аударылуы туралы айтылды. АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі орын алған жағдайда жедел шараларды қолдану жайында қатысушыларға ескертілді. АИТВ-ға тестілеудің клиникалық көрсеткіштері туралы ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері Кулмира Сметова толық қанды ақпарат берді. Кездесудің соңында семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар қайтарылды.