Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ алдын алу

21 қаңтарда Тараз қаласының № 39 мектеп-гимназиясында «Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ алдын алу» тақырыбында кеңейтілген дәріс өткізілді. Аудиторияны 9-10 сынып оқушылары, педагогтар, психологтар құрады. Директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Батырбаева Салтанат бүкіл әлемде АИТВ-инфекциясының өзектілігін, қазіргі уақытта жұқтыру жолдары туралы білім өскелең ұрпақ арасында алдын алу бағдарламаларының бірі болып табылатынын атап өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы Жакенова Рахима АИТВ берілу жолдары, АИТВ және ЖИТС ұғымдары, АИТВ тестілеу түрлері туралы айтып берді. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Буклеттер таратылды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған