Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясына орай 20.112018ж. Жамбыл медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімшесінің студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Жамбыл облысында, Қазақстан Республикасында және әлемде АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық ахуалы туралы облыстық ЖИТС орталығының АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Рамиль Перзадаев толық мағлұмат берді, сонымен қатар АИТВ-ның жұғу жолдарына, емдеу, диагностикалау және алдын алу шараларына тоқталды. Облыстық ЖИТС орталығының педагогі Рахима Жакенова Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес  Кампаниясының мақсаты мен міндеттеріне және жыл сайын тағайындалатын «Өз статусыңды біл» атты ұранының мағынасы туралы түсіндірме жұмыстарын талқыға салды. Колледж педагогі Гүлнара Токкулиева АИТВ мәселесінің өзектілігін және болашақ медицина қызметкерлерінің өз ісіне жауапкершілігін атап өтті.