АИТВ инфекциясының алдын алу сұрақтары бойынша Жамбыл облыстық балалар тіс емханасының медициналық қызметкерлері үшін аталған мекеменің мәжіліс залында 2018 жылдың 10 қазанында Жамбыл обдыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Ирина Дегтерева семинар өткізді. Дәрігер эпидемиолог семинарға қатысушыларды АИТВ инфекциясы бойынша Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық ахуалмен таныстырды. АИТВ инфекциясы бойынша іс әрекеттегі нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде әдістемелік ұсыныстар көрсетілді. АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупіне байланысты апаттық жағдайларды қарастыруға аса көңіл аударылды. Апаттық жағдайға ұшырасқанда дер кезінде атқарылатын шаралар туралы және АИТВ-ны кәсіптік жұқтыру болған жағдайда жарақатты тіркеу жорналына жазып облыстық ЖИТС орталығы мамандарынан кеңес алу қажеттілігі айтылды. Семинардың соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар қайтарылды.