Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облысында 2018-2019 жж. 12 айдағы АИТВ бойынша жағдайы

2018-2019 жж. 12 айдағы Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайы
Қазақстан Республикасында 2019 жылдың 12 айында АИТВ-инфекциясының 3675 жағдайы тіркелген,оның ішінде ҚР азаматтары арасында — 3518 жағдай. 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 422 жағдайға өсті. Ерлердің үлес салмағы 65,5%, ерлер/әйелдердің арақатынасы 1,9:1,0.

Жамбыл облысында 2019 жылдың 12 айында 97 оқиғаға қарсы 89 оқиға тіркелді және 8 жағдайға төмендеген. Ерлердің үлес салмағы 61,8%-ды, әйелдердің үлес салмағы 38,2%-ды құрайды, ерлер/әйелдердің арақатынасы 1,6-1,0. 2019 жылдың 12 айында тіркелген АИТВ жұқтырғандардың арасында анықталудың ең көп пайызы 30-49 жас тобында-54% (12 ай. 2018 жылы-65,3%), 50-59 жас-19,1% (2018ж.-14,3%), 20-29 жас.-14,6% (2018ж.-12,2%).
АИТВ-жұқпасының анықталған жағдайларының 2019ж. 12 айында 58,4% жұмыс істемейтін (12 ай. 2018 ж.-64,3%), жұмыс істейтіндер-30,3% (12 ай 2018ж.-27,6%). Инъекциялық есірткіні қолдану кезінде АИТВ жұқтырғандардың үлес салмағы 11,2% құрады ( 12 ай 2018ж.-14,3%), жыныстық гетеросексуал арқылы жұқтырғандар үлесі-82,0% (12 ай. 2018г.-75,5%), гомосексуалды байланыс кезінде 2,2%-ға (12ай. 2018-2,0%), анықталмаған берілу жолы 3,4% (12 ай 2018ж.-6,1%), тік берілу жолы 0% (12 ай. 2018ж.-2,0%).
2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Жамбыл облысында ҚР азаматтарының барлығы 1243 жағдайы тіркелді. 12 айда 15-49 жастағы халық арасында АИТВ-жұқпасымен сырқаттанушылық көрсеткіші 2018 және 2019 жылдары 0,01 деңгейінде сақталды. 15-49 жастағы халық арасында АИТВ инфекциясының таралуы 0,14 (2018ж. ҚР-0,25.)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған