Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жасөспірім және АИТВ

2019 жылдың 13-17 мамыр аралығында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын-алу және онымен күрес жүргізу орталығы (ОЖИТСО) Халықаралық ЖИТС-нан қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған іс-шаралар өткізеді. 13 мамыр күні Тараз қаласының Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық колледжінде дәріс өткізілді. Аудитория-металл өңдеу факультетінің 1 курс студенттері. Облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима жыл сайын мамыр айының 3 жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС-нан қайтыс болғандарды еске алу күні өтетінін айтты. ЖИТС – ең басты әлемдік мәселелердің бірі. 2019 жылы бұл күні 19 мамырда «Өмір сүру үшін есте сақтау» ұранымен өтеді. 30 жыл ішінде індет миллиондаған адамның өмірін қиды. Бұл күн тірі адамдардың АИТВ індеті әрбір адамға қатысты болуы мүмкін екендігі туралы ой салады, салауатты өмір салтына талпынуға, адами құндылықтарды бекітуге, одан да көп адамдарға жұқтыруға жол бермеу үшін, ретсіз жыныстық қатынас, есірткі, зорлық-зомбылық, маскүнемдік сияқты құбылыстарды жоққа шығаруға тырысу мүмкіндігі бар. Нарколог дәрігер «Өз өміріңді құрметтей, зиянды заттардан бас тарт» тақырып бойынша ой бөлісті. Сондай-ақ, «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз» тақырыбы да қозғалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған