28 ақпан күні Жамбыл облыстық ауруханасында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігері Цзи Александр Сергеевич “Емдеу мекемелерінде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру” тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингте “Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына қатысты мәселер қозғалды. Эпидемиолог дәрігер қанның не үшін тексеріліп, алатыны туралы түсінік берді. Кез келген адамның жеке гигиенасына аса жауапкершілікпен қарауы АИТВ/ЖИТС-тың алдын алуға мүмкіндік туғызады. Нацуқастың АИТВ-ға ақпараттылығы АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Сұхбат соңында АИТВ-статусы бар белгісіз тұлғалармен жыныстық қатынаста болған адамдардан бірнеше сауалдар болды. Қанағаттанарлық жауаптар алынды. АИТВ-диссиденттеріне қатысты әңгімелер қозғалды.