Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Облыстық стоматологиялық емханада өткен семинар-тренинг

2019 жылы 23 қазанда облыстық стоматологиялық емханада Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары эпидемиологтар Ғ. Ү.Садыбекова мен И. И.Дегтерева «АИТВ/ЖИТС алдын алу, берілу жолдары, ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы. АИТВ бойынша НҚА» тақырыбына семинар өткізді. 53 медицина қызметкері қатысты.

Семинарда АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, медицина қызметкерлерінің халықпен (науқастармен) санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуінің маңыздылығы, медициналық құралдарды дұрыс өңдеу туралы айтылды. Сонымен қатар, 2019 жылдың 30 қыркүйегіне АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай ұсынылды. ҚР ДСМ 23.06.2015 ж. №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес АИТВ-ға тестілеуге ережелер жария етілді. Емхана қызметкерлері арасында «Тәуекел шкаласы» тренингі өткізілді. Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған