Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ОСӨСҚМО мен Облыстық ЖИТС орталығының бірлескен жұмысы

Қалалық және аудандық емханалардың қызметкерлерінің қатысуымен Тараз қ. №1 қалалық емханасында 23.11.2018ж. дөңгелек үстел өткізілді. Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күніне орай өткізілген іс шарада медициналық қызметкерлер мен тұрғындар арасында жүргізілетін түсініктеме жұмыстары жайында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының маманы Б.Сарыбаева және облыстық ЖИТС орталығының маманы Т.Мамедова ақпарат берді. Олар Кампанияның мақсаты мен міндеттері және логотипімен таныстырды. «Ашық есік күні» өткізудің қажеттілігіне, тұрғындарды өз статусын білу мақсатында тестен өткізу ақпаратын және жауапты мінез құлықты қалыптастыру мен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған