Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«ARAI» Медициналық орталығында өткен семинар

2019 жылдың 19 наурызында «ARAI» Медициналық орталығының мәжіліс залында облыстық ЖИТС мамандары эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Г.А., эпидемиолог-дәрігер Ахметова Г.Т., емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ниязалиева Ф.А., ИФТ зертхананың меңгерушісі Каримова В.М., алдын алу бөлімінің эпидемиолог-дәрігерлері Мамедова Т.М. және Аушенова К.Б. Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысында АИТВ жұқпасының таралу деңгейі, АИТВ бойынша жаңа құқықтық және нормативтік базасы, АИТВ жұқпасына жататын контингенттерді тестілеу ережесі және кәсіби жұқтырылуын алдын алу туралы мәлімет беру үшін, орталық мамандарына семинар өткізді.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Г.А. ҚР және Жамбыл облысы бойынша 2018жылы АИТВ жұқтырудың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. ҚР ЖСӘД № 508 2015 жылғы 26 маусымынан «АИТВ жұқпасын анықтау мақсатында міндетті құпия медициналық сараптамадан өту ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ол АИТВ жұқпасының клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша пациенттерді тексеру мәселелеріне тоқталды. Жоғары қауіпті топтағы медицина қызметкерлері арасында АИТВ анықтауда енгізілген өзгерістер туралы хабарланды. Эпидемиолог-дәрігер Ахметова Г.Т. АИТВ, ВГС, ВГВ індеттерін жұқтырудың алдын алу шараларын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. АИТВ жұқтыру қаупі және медициналық қызметкерлерді жұқтыру қаупін бағалаумен байланысты төтенше жағдайлар модельдері қаралды. Кәсіптік АИТВ жұқпасын болдырмау мақсатында байланыстан кейінгі алдын алу шараларын дереу өткізу, жазатайым оқиғаларды журналда тіркелуі, кейіннен облыстық ЖИТС орталығының кеңес берілу мәселелеріне тыңдаушылар назарын аударды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған