Жамбыл облысының Талас ауданына іс-сапармен шыққан облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ/ЖИТС-тың алдың алу және кеңестік-әдістемелік көмек көрсету бойынша іс-шара өткізді.

ОАЕ және ОАА медициналық қызметкерлері үшін мониторинг қорытындысы бойынша семинар өткізілді. Семинардың басты тақырыптары:

90-90-90 стратегиясы, Жамбыл облысында және ҚР-ның эпидемиологиялық ахуалы. №№508,39,246, ҚР-сы ДСМ-нің бұйрықтары, №64 Республикалық ЖИТС орталығының бұйрығы. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологі Дегтеревой И.  тұрғындардың скринингі туралы сұрақтарды көтерді, тексеру көрсеткіштеріне № 4 стат. есепке тоқталды.

Садыбекова Ғ. №64 бұйрығының есептеріне, жастар және тұрғындар арасында  өткізілетін іс-шараларға тоқталды. Дәрігер инфекционист Сметова Г. диспансерлік ауруларды тексере келе, анадан балаға АИТВ-ның жұғу жолдарының алдың алу туралы баяндады. Сонымен қатар бизнес құрылымдар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.