Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз бизнесмендеріне арналған алдын алу семинары

Тараз қаласының бизнес-құрылымдары өкілдеріне арналған ақпараттық семинар Жамбыл облысы Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті Тараз қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау бөлімінде 25 сәуір күні өткізілді. Әртүрлі салалардың қатысушы өкілдері Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен және Жамбыл облыстық денсаулықты сақтау департаменті қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының қызметкерлерімен дайындалған баяндамаларды тыңдады.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғ.Ү. ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Ол індет көрсеткіштеріне қатысты өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, вирустың кең таралған жұғу жолдарына баса назар аудара отырып, қауіпті мінез-құлық топтарына сипаттама берді.

– Мәселенің өзектілігі – АИТВ жұқтырған адамдар саны, ішінде кәсіпкерлер қатары күннен-күнге ұлғайып келеді, – деді баяндамашы. – Сондықтан Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы белсенді түсіндірмелік жұмысты үздіксіз жүргізіп келеді. Жыл басынан бері алдын алу бөлімінің мамандары 20 ірі бизнес-құрылымның, 38 орта және 63 кіші кәсіпкерлік ұйымдардың ұжымдарымен кездесу ұйымдастырды.

Сосын «АИТВ мен ЖИТС-тің бизнеске әсері. ДЭФ ЖБИ» тақырыбының тұсаукесері болып өтті, онда Ғалия Садыбекова кәсіпкерлерге бәсекеге қабілеттілік индексы ұғымына түсінік беріп, Қазақстанның да әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіне қатысатынын, ондағы міндетті сын-пікірлердің бірі – «АИТВ мен ЖИТС-тің бизнеске әсері» болып табылатынын атап айтты. Семинар барысында қатысушыларға «АИТВ мен ЖИТС-тің бизнеске әсері» көрсеткіші бойынша ДЭФ сауалнамаларын сауатты толтыру жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірілді.

– АИТВ мен ЖИТС бойынша статистикалық мәліметтер үнемі өзгеріп отырады, – деді Тараз қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау бөлімінің басшысы Ринат Жунискулов, – демек түсіндірмелік жұмыстар жүйелі түрде және халықтың әртүрлі санаттарына жүргізіліп, індетке төтеп беру үшін терең және ауқымды ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған