Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз қаласындағы №2 қалалық аумақтық емханасында өткен семинар

2019 жылдың 27 наурызында Жамбыл облыстық Житс орталығының мамандары АИТВ тестілеуді кеңейту, сонымен қатар АИТВ жұқтырған науқастарды аурудың ерте кезеңдерінде белсенді түрде анықтау мақсатында №2 қалалық емхана қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Емхана дәрігерлеріне Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. ҚР ДМӘД №508 23мамыр 2015жылынан бұйрығына сәйкес , клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ жұқпасына пациенттерді міндетті түрде құпия медициналық тексеруді жүргізу тәртібіне ерекше көңіл бөлінді.  Оппортунистік ауруы бар, АИТВ жұқпасының мүмкіндігі бар тұлғаларды зерттеуге тыңдаушылардың назарын аударды. Медициналық іс-шаралар кезінде кәсіптік АИТВ індетін болдырмау мақсатында, төтенше жағдайлар модельдері қаралды (қажет болған жағдайда) кейіннен антиретровирустық терапия қарастырылды. ҚР ДСӘД 01.08.2017 ж.№64 бұйрығына сәйкес және 6.1 нысана бойынша, халық арасында АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат анық көрсетілді.

Кәсіби этиканың және деонтология мәселелеріне , дәрігерлердің құқықтық жауапкершілігіне ҚР ДСӘД  01.08. 2017ж№64 бұйрығына сәйкес, және 6.1 нысана бойынша, халық арасында АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат анық көрсетіледі. Кәсіби этиканың, деонтология мәселелеріне, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дәрігерлердің құқықтық жауапкершілігіне, АИТВ жұқтырғандардың құпиясын сақтауға ерекше назар аударылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған