Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз қаласының №2 қалалық ауруханасында өткен семинар

2015 жылдың 23 тамызында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы дәрігер-эпидемиолог С. Ш. Дулатбаева №2 қалалық аурухананың медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Семинардың мақсаты-клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ жұқтырған науқастарды анықтауға, АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алуға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғауға дәрігерлердің назарын күшейту.
Дәрігер-эпидемиолог С. Ш. Дулатбаева ҚР және Жамбыл облысы бойынша АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. Семинарда «Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдардың АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ және ӘД 23.06.2015 ж. №508 бұйрығына сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша пациенттерді тексеру мәселелері толық қаралды. АИТВ-инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін оппортунистік аурулары бар адамдарды міндетті құпия медициналық тексеруге ерекше назар аударылды.

Медициналық процедураларды жүргізу барысында туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың үлгілері егжей-тегжейлі қарастырылды. Төтенше жағдайдың әрбір түрі үшін тиісті іс-шаралар ұсынылды. Тыңдаушылардың назары АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу мақсатында жүргізілген бақылаудан кейінгі алдын алуды дереу жүргізуге, кейіннен ЖИТС ОО мамандарына кеңес бере отырып, төтенше жағдайларды тіркеу журналында жарақаттар жағдайларын есепке алуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда ретровирусқа қарсы терапия жүргізуге баса назар аударылды.

Семинарда дәрігерлік құпияны сақтау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәрігерлердің заңды жауапкершілігі туралы мәселелер қозғалды. Аурухананың медицина қызметкерлері АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық базамен танысты.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған