Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі АИТВ-жұқпасы туралы семинар

2019 жылдың 01 ақпанында ЖД-158/1 мекемесінде Жамбыл облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) медициналық қызметкерлері үшін « Пенитенциарлық мекемелерде АИТВ-жұқпасын алдын-алу, диагностикалау және емдеу» тақырыбында семинар – кеңес өткізілді. Кеңеске ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Жапашева Б.Т., әділет капитаны Абдибай Е.М., ҚАЖД маманы Махмудов К.С., «Салауатты Өлке Жан-Нұр» ҮЕБ директоры Арынбаева З.А., обл.СӨС маманы Сарыбаева Б.Б., ОЖИТСО эпидемиолог-дәрігері Когай В.С. қатысты. Когай Виктордың баяндамасы бойынша, соңғы екі жылда АИТВ мәселесі оң нәтижесін көрсетті, арнайы контингент арасында АИТВ жұқтыру саны азайды, ҮЕБ тарапынан 16000 дана презерватив, АИТВ жұқтыру жолдары мен оны алдын алу шаралары туралы 2284 дана буклет таратылды. Семинарға қатысушылар сауалнамалар толтырып, өз білімдерін көрсетті. Босатылған сотталғандарды одан әрі бақылау үшін, олардың кету мекен-жайы туралы ОЖИТСО хабардар ету – маңызды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған