Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының педагогы Жакенова Рахима № 19 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына дәріс оқыды. Оқушыларға АИТВ/ЖИТС дегеніміз не, берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы айтылды. Сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол берілмейтіні, жыл сайын 1 наурызда кемсітушілікке қарсы күрес күні атап өтілетіндігі, АИТВ-ны тек үш жолмен: жыныстық жолмен, парентеральды (қан арқылы) және анадан балаға жұқтыруы мүмкін екендігі туралы айтылды.