Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№30 орта мектебіндегі дәріс.

2020 жылдың 26 ақпанында № 30 орта мектепте дәріс өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің әлеуметтанушысы М.С.Бегманова жыл сайын 1 наурызда «Кемсітушілікпен күрес күні» атап өтілетіндігін айтты. Сонымен қатар, ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайлары, берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, жасөспірімдердің денсаулығын түрлі аурулардан қорғау мақсатында АИТВ-инфекциясының өзектілігіне байланысты осындай іс-шаралар үнемі өткізіліп тұратынын атап өтті. ЖИТС індеті әркімге қатысты болуы мүмкін және салауатты өмір салтына, адами құндылықтарды бекітуге және қорғалмаған жыныстық қатынас, есірткі, зорлық-зомбылық, маскүнемдік сияқты құбылыстарды теріске шығаруға ұмтылуды ояту қажет. Тек педагогтар мен ата-аналардың медициналық қызметкерлерінің бірлескен күш-жігері арқылы ғана жасөспірімдердің АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы білімін арттыруға қол жеткізуге болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған