АИТВ-ны кәсіби жұқтырудың алдын алу және халықтың тексерілу ережелері білу деңгейін жоғарылату бойынша № 5 ҚЕ-да семинар болып өтті. 

 

Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мен № 5 ҚЕ-мен бірлескен жоспарға сәйкес (негізі 28.08.2018ж. № 363-Ө бұйрығы) емханада медицина қызметкерлеріне арналған “АИТВ-ның алдын алу және тексерілу” тақырыбында семинар өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының баяндамашылары Дегтерева И.И., Садыбекова Г.У., Темирбекова Г.К.Семинарға қатысушыларға 90-90-90 Стратегиясы жайында ақпарат беріліп, ҚР № 508, 39, 246 бұйрықтарымен таныстырылды. Басты назар АИТВ-ға тексерілу бойынша клиникалық көрсетілімдер мен кәсіби жұқтырудың алдын алуға, халық арасында жүргізілетін алдын алу іс-шараларына аударылды. ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайға да тоқталып өтті. Бұл іс-шара халықтың АИТВ-ға скринингінің сапасы мен санын ұлғайтуға, халықпен жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.